Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көзді ашып – жұмғанша көктемнің  соңғы айы мамыр да жетіп қалды. Алғашқы күнінен бірлік пен берекеге бастайтын бұл айдың барша адамзат үшін асқақ абыройы бар. Дүниежүзілік Ынтымақ, Еңбек, Бейбітшілік күні біздің елімізде де «Қазақстан Халқының бірлігі» күні деп аталып өтіледі. Бұл мерекені біздің аудан да бар сән-салтанатымен, думандатып атап өтті. Таңертең ертемен Абай көшесінен бастау алған мерекелік шерудің легінде барлық ұлттар өкілі ұлттық киімдерімен, шаттық көңілдерімен, қызылды-жасылды шарларымен Орталық алаңға қарай ағылды. Бірлігі жарасқан әр ұлт өкілдерінің көтерген «Мәңгілік ел» ұрандары аудандағы бейбіт өмірді, ынтымақтастықты паш еткендей. Татарлар, өзбектер, орыс ұлты, корейлер, украиндар, т.б. ұлттар бір атаның баласындай бір шаңырақтың астында татулық пен достықтың үлгісін көрсетті.

Шерудің сәнін келтіріп, қазақилықтың нағыз көркемдігін көрсеткен Аудандық орталық аурухананың ұжымы қастарына тазы ерткен сұлу, жорға сәйгүліктерге мініп, сал-серілердің салтанаты мен қазақ биін билеген қыздар жиналған қауымның қызу қошеметіне бөленді. Аудан әкімі Д.М.Мусин барша халықты айтулы мерекемен құттықтай келе, «Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық» деген тілегін білдірді. Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерекелік концерті мен сауық-сайранына ұласты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз