Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Келесі 2015 жылы бүкіл әлем Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтпек. Ерен Ерлік пен Ұлы Жеңіс мерекесінің маңызы мен қадірін барлық адамзат баласы жақсы біледі. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс - Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлердің жемісі. Бұл – атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік тарихи сәт.

Көкпекті ауданындағы шағын ғана Подгорное ауылының қасиетті топырағынан нәр алған үш бірдей асыл азаматтарымыз Ұлы Отан соғысының Батыры атағын иеленді. Фонов Николай Яковлевич, Седнев Сергей Егорович және Яроцкий Иван Михайлович сынды жерлестеріміз ел тарихында өшпестей із қалдырды. Дәл осындай отансүйгіштік, елі мен жері үшін жанын берген патриоттылық, Отан алдындағы антына қасық қаны қалғанша адал болған ерліктің үлгісі облысымызда, тіпті қазақ елінде бірден бірегейі болып отырғаны біз үшін зор мақтаныш. Біз, бейбіт күнде өмір кешіп отырған қарыздар әрі парыздар ұрпақ осындай жерлестеріміздің ерлігіне тағзым етіп, басымызды иеміз.

Бүгін бейбітшілік пен ынтымақты елде өмір сүрудеміз. Тарих беттерінде қалған қанды соғыс енді ешқашан қайталанбауы тиіс!

Құрметті жерлестер!

Елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге ауқымды дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Көкпекті ауданында ерлік пен қаһармандық мерекесін үш Батырдың мекені – Подгорное ауылында ерекше атап өту жоспарланды. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу үшін қолдан келген барлық жағдайды жасау - баршамыздың борышымыз. Өскелең ұрпақ жеңімпаз ардагерлердің жанқияр ерлігін біліп, құрметтеп,  Отанды қалай сүю керектігін үйренуі керек. Барлық шаралардың басты мақсаты – ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтай отырып, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу.

Құрметті  шығысқазақстандықтар! Барлығымыз жұмыла отырып, бірлік - берекемен Ұлы Жеңістің құрметіне орнатылған ескерткіш монументтерді қамқорлыққа алып, қараусыз қалғандарын қалыпқа келтіріп, әлеуметтік нысандарды заманға сай түрлендіріп, ауылдарымызды көріктендірейік, әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған облыстық іс – шараларды өткізуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

 

Подгорное ауылының тұрғындары,

ШҚО, Көкпекті ауданы,

Палатцы ауылдық округі

РЕКВИЗИТТЕР:

«Көкпекті аудандық «Асар» қайырымдылық қор» қоғамдық қоры.

БИН 100540003667

ИИК KZ156010151000127715

Код 18

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз