Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі нарықтық заманда өмірімізді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары. Еліміздің елдігін, еріміздің ерлігін дәріптеп, танытуда байланыс және ақпарат құралдарының маңызы зор.  Байланыс және ақпарат қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларынан туындайтын міндеттерді тұрғындар арасында насихаттауда және осы бағытта атқарылатын іс-шаралардың ауданымызда жүзеге асырылуына ықпал етіп келеді. 

Адамдардың жасампаздығы мен еңбектерін, ауылдың тынысы мен тіршілігін, жалпы ауданның өсіп-өркендеуін сырлы сөзбен өрнектеп, қоғамдық сананы қалыптастырудағы аудандық басылымның жұмысы айтарлықтай.

Бүгінгі таңда ақпарат құралдарын таратуда оқырмандар арасында алтын көпір орнатып, аудандық пошта байланысы мен ғаламтор желісін, телефон қызметін ұсынып отырған телекоммуникация торабы еңбеккерленің де еңбегі елеулі. «Айшылық жерден хабарды жылдамдатып алғызып» отырған бұл екі сала байланыстың көнеден келе жатқан түрі болса да, қазіргі заманауи тұрғыда да алдыңғы саптан көрінеді. Тұрғындар арасында олардың беделі зор.    

Баршаларыңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ізгілік пен бақыт тілейміз!

 

Д.Мусин, аудан әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз