Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз - еліміздің Конституциясы қабылданып, бұл күн «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Осылайша, Республика Конституциясының күні - барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамға айналды. Ата Заңымыздың назар аударатын басты ерекшелігі - бұған дейінгі конституциялар өкілдік органдар арқылы қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданды, осылайша еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп берді. Еліміздің басты Заңы туралы №2 аудандық соттың судьясы Альмира Юрьевна Танабаева әңгімелеп берді.
- Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ең жоғарғы заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқықтық жүйенің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Ол - ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі, саяси-құқықтық төлқұжаты.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабында көрсетілгендей, неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге, өзiнiң ата-аналарын бiлуге, олардың қамқорлығында болуға, олармен бiрге тұруға құқығы бар.  Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.

Ал, ата-аналар өз балаларына қамқорлық жасап, оларды тәрбиелеуге міндетті. Ата-аналар баланың дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. 

Толығырақ...

Елбасының жаңа реформалары мен сот жүйесіндегі жаңа технологияларды халыққа жеткізу, насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Көкпекті аудандық сотының мәжіліс залында, «100 нақты қадам – ұлт жоспары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Көкпекті аудандық сот төрағасының м.а. Ә.Бақытбекұлы, Көкпекті аудандық сотының жетекші маманы Д.Әбділдинова, Көкпекті Әділет басқармасының бастығы Қ.Ильясов, Көкпекті аудандық прокурордың көмекшісі А.Бесаров, қатысты.

Толығырақ...

Көкпекті ауданы әкімінің өкімімен Меруерт Тұрсынғалиқызы Ахметжанова 2015 жылдың 27 маусымынан бастап Көкпекті ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ахметжанова Меруерт Тұрсын-ғалиқызы 1985 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2007 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей Университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2009 жылы Қазақ гуманитарлық – заң инновациялық университетін заңтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2006-2007 ж.ж. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудармашысы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;

2007-2007 ж.ж. «Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ іс-жүргізушісі, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы;

2007-2008 ж.ж. «Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жастар саясаты жөніндегі жетекші маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.

2008-2010 ж.ж. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы.

2010-2015 ж.ж. Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің басшысы.

2015 жылдың 27 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін  Көкпекті ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы.

Көкпекті ауданы әкімінің өкімімен Абылғазыұлы Бауыржан 2015 жылдың 28 маусымынан бастап Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Абылғазыұлы Бауыржан 1991 жылы 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2012 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2012 жылдың 13 тамызынан - 2012 жылдың 1 қыркүйегі. Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің аудармашысы Көкпекті ауылы, Көкпекті ауданы, ШҚО;

2012 жылдың 1 қыркүйегінен 2013 жылдың 3 қаңтары. Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің инс-пекторы Көкпекті ауылы, Көкпекті ауданы,ШҚО;

2013 жылдың 3 қаңтарынан - 2013 жылдың 2 сәуіріне дейін Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің бас маманының м.а

2013 жылдың 2 сәуірінен - 2013 жылдың 22 қарашасы Көкпекті ауданы әкімі аппаратының бақылау бөлімінің бас маманы;

2013 жылдың 22 қарашасынан - 2015 жылға дейін Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы; 2015 жылдың 28 шілдесінен қазіргі уақытқа дейін Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы.

2015 жылдың 13 шіл-десінде Көкпекті аудандық сотында сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг жүргізілді. Брифингке сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Бақытбекұлы қатысып, Көкпекті аудандық сотының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмысының қоры-тындыларын хабарлады.

Жалпы 2015 жылдың 6        айында іс жүргізумен барлығы аяқталған 141 азаматтық іс, оның ішінде 24 сот бұйрығы шығарған. Ал, қылмыстық істер бойынша 14 қылмыстық іс жүргізумен аяқталған. Сонымен бірге, 210 әкімшілік іс қаралумен аяқталған.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз