Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының жаңа реформалары мен сот жүйесіндегі жаңа технологияларды халыққа жеткізу, насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Көкпекті аудандық сотының мәжіліс залында, «100 нақты қадам – ұлт жоспары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Көкпекті аудандық сот төрағасының м.а. Ә.Бақытбекұлы, Көкпекті аудандық сотының жетекші маманы Д.Әбділдинова, Көкпекті Әділет басқармасының бастығы Қ.Ильясов, Көкпекті аудандық прокурордың көмекшісі А.Бесаров, қатысты.

 

Семинарда сот төрағасының м.а. Ә.Бақытбекұлы «Елбасының жаңа реформалары» мен «100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жоспары – елді дамытудың жаңа әрі тиімді бағдарламасы бойынша кіріспе сөз сөйледі. Ол өз сөзінде: «100 нақты қадам ұлттық жоспары – бұл еліміздің дүниедегі болып жатқан сыртқы және ішкі сын қатерлерге жауап ретінде, сонымен қатар күрделі кезеңнен сенімді өтіп, мемлекетіміздің отыз дамыған мемлекеттердің қатарына кіруге арналған жоспар. Оның ішінде заңның үстемділігін қамтамасыз етуге арналған келесі нақты қадамдарды іске асыру жоспарланған.Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. Атап айтқанда қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау сатылары) үш сатылы сот жүйесіне көшу (бірінші, апелляциялық кассацилық сатылары).

Бұл іс-шараның мақсаты сотқа келген азаматтардың сот жүйесі сатыларының табалдырықтарын ұзақ уақыт бойы таптатпай, сотқа түсірген даулары бойынша тез арада соңғы нүкте қойылып, шыққан шешімді уақытылы орындату болып табылады. Себебі, кейбір азаматтар өз құқықтарын теріс пайдаланып, әр сатыда шыққан заңды сот шешімдеріне шағымдану арқылы сот шешімін орындаудан немесе уақытылы орындаудан жалтарады. Сондықтан, қабылданып отырған шаралар кез-келген дауды ұзаққа апармай, тез арада шешуге және қабылданған шешімді дереу орындатуға жол ашады. 

Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту.

Бұл сот жүйесіне тек қана білікті, таза және әділ адамдардың іріктеліп келуіне және де олардың өз жұмысының кәсіби мамандары болуына зор ықпалын тигізеді»,  деп сөзін аяқтады.

Сонымен қатар, сот жүйесіндегі жаңа өзгерістері мен сот жүйесіндегі ақпараттық заманауи технологиялар туралы айтып шықты.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз