Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

29 Шілде 2015

ТУҒАН ӨЛКЕ ШЕЖІРЕШІЛЕРІ

Газет – қаншама жылдар көшінен кейін де кез-келген ақпаратты тауып алуға мүмкіндік беретін, ең сенімді мұрағат. Сол себепті, өмірлерін газет бетіне жарияланатын материалдар үшін тынбай  еңбектенетін журналистерді туған өлкенің шежірешілері деп айтуға толықтай негіз бар.

Аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті – игі дәстүрлерді сақтай отырып, бірнеше буын өкілдерінің еңбегінің арқасында уақыт ағымына сай жұмыс істеп, сұранысын жоғалпаған басылым

1932 жылы мамыр айында Көкпекті ауданындағы алғашқы саны «Үлгілі малшы» орысшасы «Красный скотовод» деген атпен жарық көріп, кейіннен 1948 жылы «Болшевистское слово», 1953 жылы «За коммунизм», 1956 жылы «Ленин Туы» болған газет. Бүгінгі күнге дейін ауданымыздағы неше ұрпақ өкілдерінің айнымас серігі болып келе жатқан «Жұлдыз»-(Звезда) газеті, бүгінгі таңда екі ауданның біріктірілуіне байланысты «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетінің мерейлі мерейтойы 80 жылдық мерекесін атаймыз.

Сол уақыттан бері «Жұлдыз» атауымен таныс болған басылым өзінің атауымен бірге, халықтың тәуелсіз, жаңа да бақытты өмірге деген үмітін арқалаған еді. Газеттің жарыққа шығуы тауқыметке толы ұжымдастыру жылдарына, ел аумағында кеңшарлар құру кезеңіне тұспа-тұс келді. Басылым беттерінде социализм құру идеясы, ауыл шаруашылығының артта қалушылығының деңгейін көтеріп, сауатсыздықты жою, дала және егінжай, мал шаруашылығы жұмысшыларын алғашқы тұтынушылық тауарларымен қамтамасыз етуді жақсарту шаралары кеңінен насихатталды. 

«Жұлдыз» - көпшілік оқырманға мөлшерленген, аудан тұрғындарына, соның ішінде сауаттылығы төмен шаруаларға арналған жалпысаяси жергілікті газет еді. Журналистер ауылшаруашылығы мәселелерінің төңірегінде қалам тербеуге міндеттелген болатын.

Уақыт өте келе газет коммунистік партия саясатын халыққа жеткізудегі  негізгі құрал, партиялық ұйымдардың белсенді де белді көмекшісіне айналды.

Ұлы Отан соғысының найзағайы жарқ еткен шақта, редакцияға түсетін хаттар мен мақалалардың мазмұны өзгеріп, газет бетіндегі материалдар майдан өмірінің айнасына айналды. Тыл еңбеккерлерін жау оғына тайсалмай қарсы тұратын жауынгерлерге, майдан шебіне көмек көрсетуге шақырды. Газеттің әр санында түрлі айдарлармен майдан жаңалықтары жарық көріп отырды.

Read more

ЛЕТОПИСЦЫ ИСТОРИИ КРАЯ

Начало пути

Газета – самый надежный архив, из которого спустя многие десятилетия можно почерпнуть любую интересующую вас информацию. Поэтому журналистов с полным правом можно назвать летописцами истории края, страны, которые день за днем, из года в год трудятся над материалами, собирают интересные факты, чтобы на газетных страницах появилась читабельная, интересная широкому кругу читателей информация, статья, репортаж.

И районная  газета «Жулдыз» - «Новая жизнь» - одно из тех печатных изданий, которое, сохраняя традиции, созданные несколькими поколениями газетчиков, идет в ногу со временем, оставаясь востребованной и любимой.

Первый номер газеты вышел из печати в июне 1935 года. Тогда она называлась «Сталинский путь», затем была переименована в «Сталинец».

В пятидесятые годы газета «оживает», и в очередной раз меняет свое название, теперь она стала называться «Новая жизнь». На ее новое название, наверное, повлияло освобождение от сталинских оков и цепей, надежда на новую и счастливую жизнь. Это ее конечное название, которое она носит, и по сей день – «Новая жизнь».

Газета начала выходить в трудные годы коллективизации, становления колхозов в стране. На ее страницах пропагандистская идея построения социализма, преодоление экономической отсталости сельского хозяйства, ликвидация неграмотности населения, улучшение снабжения тружеников полей и ферм продуктами первой необходимости.

Это была общеполитическая местная газета, рассчитанная на массовую аудиторию, население района, главным образом – крестьян, которые в основном были малограмотными или совсем неграмотными, поэтому первостепенное внимание уделялось популярности изложения и форме подачи материала. Журналистов ориентировали на самое широкое и полное освещение сельскохозяйственной проблематики.

Read more

КӨКПЕКТІ АУДАНДЫҚ «ЖҰЛДЫЗ»-«НОВАЯ ЖИЗНЬ» ГАЗЕТІ ЖШС

Биылғы жылы жарық көргеніне 80 жыл толып отырған Көкпекті аудандық газетінің тарихы өте бай. ХХ ғасырдың 30 жылдары  ол Самар, Жарма, Ақсуат және Көкпекті аудандарында құрылған «Гигант» совхозының органы болды. Ол уақытта газет «Красный скотовод»- «Үлгілімалшы» атауымен шыға бастады. Газетті Тұрлыхан Хасенов басқарды.

Әлемдегі және елдегі өзгерістерге байланысты газет өзгерді. Қазір газет аптасына 1 рет, түрлі-түсті баспада А3 форматында 24 бетте шығады.  Газет қазақ тілінде «Жұлдыз», орыс тілінде «Новая жизнь» атауымен жарық көруде. Жазылушылар саны 5000 асады.

Мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу үшін редакциямен жалпы медиа жоспар жасалынады. Ақпараттық тәртіп бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы, елдің, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық-саяси дамуы туралы мақалалар жарияланады.

2013 жылы «Жұлдыз»- «Новая жизнь» газетінің ұжымы облыс әкімінің жүлдесіне арналған конкурсқа қатысып, «Тіректі ауыл - мемлекет тірегі» номинациясын жеңіп алды. 2012 жылдың ақпан айынан бастап аудандық газеттің сайты ашылды. Ол қызықты ақпаратты дер кезінде алуға көмектеседі және күнделікті жаңарып отырады. 2014 жылы аудандық газеттің сайты республика бойынша аудандық БАҚ арасында үздік интернет-ресурс болып танылды.

Мемлекеттік тапсырыс: 2010 - 5 млн.326 т. 2011 -  7 млн. 769 т. 2012 - 8 млн. 319 т. 2013  -14 млн. 387 т. 2014 - 12 млн.200 т 2015 жыл – 13 млн теңге.2016 жыл – 15 млн 500 теңге. 2017 жыл – 17 млн теңге, 2018жыл- 16 млн тенге, 2019 жыл- 16000 млн.

Директор – редактор: Дюсембаев Дархан Бердібекұлы

Мекен-жайы: Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 69, 2-қабат. Телефондары: Көкпекті  2-19-16, 2-21-18. Самар 5-21- 368.

 e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., сайт: zhuldyzkokpekty.kz

Read more

УАҚ БАРМАҚ БАТЫР

Ата қазақтың ежелгі шежіресінде ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдырып, халықты қамдандырып отыратын тектік формуласы болған. Дәл сол формула қазақ шежірелерінде. Шежірені білудің дұрыстығын ешкім де теріс дей алмайды. «Білу – міндет, бөліну - індет» - деген бұлтармас қағиданы біз де ұстанамыз.

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында байтақ Отанымыздың тарихи жерлері Қалбатау мен Көкпекті жеріндегі батырлар мен билер Жомарт пен Ақболат, Кегенбай, Мақтабай, Байқадам аталар туралы да айтарымыз бар. Тана мырза мен Манақ байдың, Сыбанқұл батыр мен Ханқожа, Досан төрелердің, Қисық, Тілеуберді аға сұлтандардың еліміз үшін атқарған еңбектері ұшан теңіз. Олардың тарихын, шежіресін елге жеткізу, зерттеу бүгінгі ұрпақтың білек сыбана кірісер міндетті ісі.

Read more

БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

МАРИНОГОРКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Мариногорка, Жұмба және Мойылды ауылдарында ағымдағы жылы шілде айының он төртінде «Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар» атты сенбілік күні өтті. Сол күні Мариногорка ауылдық округінің тас жолдарының ойылған шұңқырлары тасқұмдармен бітелді. Атқарылған іс-шараға Мариногорка ауылы-ның көлік жүргізушілері көмекке шығып, жергілікті шаруа қожалықтары «Мәмбет», «Порохов», «Жеңіс», «Искра»,  «Қашырбаев», «Қадырқанұлы», «Дундуков» шаруа қожалықтары өз техникаларымен жол жөндеуге белсене атсалысқан. Ал, «Дюсюпов» шаруа қожалығы Жұмба мен Мариногрка аралығындағы 21 шақырымдық тас жолды тасқұмдармен тегістеген. Аталмыш іс шараға «Бір жағадан – бас, бір жеңнен - қол шығарып» аянбай көмектерін көрсеткендері үшін шаруа қожалық басшыларына және көлік жүргізушілеріне ауылдық округінің әкімдігі - Осындай еліміздің патриот азаматтары көбейе берсін! – деп алғыстарын білдірді.

БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Бастаушы ауылдық округінің аумағында апатты жағдайда тұрған Абай атындағы орта мектептің мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Бюджеттен бөлінген қаражатты тендер бойынша ұтып алған «Бизнес Экспресс Строй» ЖШС 132 орындық жаңа мектеп салу жұмыстарын атқарады. Жақында мектептің іргетасын қалау жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, ауылдық округте көше жарықтандыру бойынша жұмыстар атқарылып, жақында Абай және Новостройка көшелері жарықтандырылған.

БИҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Биғаш ауылында ауылдық округ әкімі Рауия Алпысбайқызының басшылығымен балаларға арналған спорттық алаң салынып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Шағын футбол алаңын салуға 200 мыңға жуық қаражат жұмсалған. Бүгінгі күні ауыл жасөспірімдері жаңа шағын алаңда доп қуып, футбол ойнауда. Алдағы уақытта аталған алаңға волейбол және баскетбол ойнауға арналған құрал жабдықтар орнатылатын болады. Оған қажетті волейбол торы мен баскетбол шеңбері дайын.

КӨКЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Көкжайық ауылдық округіне қарасты Ақой ауылындағы 3,5 шақырымнан астам жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Рустам» шаруа қожалығының басшысы К.Дюсенбаев пен ауылдық округ әкімі 15 млн. теңге қаражаттық меморандумға қол қойған. Сонымен қатар «Рустам» шаруа қожалығы мұғалімдер көмегімен жаңартылған ескерткішті қоршаулармен қоршап, балалар алаңын жасауды жоспарлап отыр. Одан кейін тұрғындар игілігіне қатымхана салынатын болады. Қатымхана салуға басқы кезде кедергі болған жол мәселесі бүгінгі күні шешімін тапқан.

Дайындаған: Жанерке АБЫЛХАН

Read more

«БІР ҒАЛЫМДЫ КӨРСЕҢІЗ...»

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» - деп, Абай атамыз өсиет еткендей, жуырда ауданымызға келген ғалым Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлымен кездесудің сәті түсті. Республикамызға танымал ғалымды қысқаша таныстыра кету үшін, өмірі мен қызметі жайлы қысқаша мағлұмат бере кетуді жөн көрдік.

Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінің меңгерушісі. Аягөз ауданының құрметті азаматы. "Абай", "М.Әуезов" энциклопедияларының, "ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары", "ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті", "ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті" ұжымдық монографиялардың, он томдық "Қазақ әдебиеті тарихының" жауапты шығарушыларының  бірі. Төрт томдық "Қазақ ССР-і" қысқаша энциклопедиясы, "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Ақмола, Түркістан, Қазақ әдебиеті, Қазақ өнері, Қазақ мәдениеті энциклопедияларының белді авторларының бірі. Жүз томдық  "Бабалар сөзі" сериясының 56-60 - томдарының жауапты редакторы, 20 томдық "Әдеби жәдігерлер" сериясының жауапты редакторы. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы Әдебиет редакциясының кеңесшісі. "Мәдени мұра" Ұлттық стратегиялық жобасы фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясы төрағасының орынбасары. 2010 жылы орыс тілінде басылып шығарылған 12 жылдық білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған

Read more

«БАЛАУСАДАҒЫ» ҰМЫТЫЛМАС ЕКІ КҮН

Көкпекті ауданындағы «Арнаулы әлеуметтік көмек орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызілікті қарт адамдарға арнаулы көмек көрсету қызметін атқарады. Олардың қызметін алушылар қашанда риза.

Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның белді мүшелерінің бірі. Олар қашанда қатардан қалған емес. Орталық  қызметкерлері қандай мереке болсын, олар үшін қызықты кездесулер ұйымдастырады. Олар мұндай кездесулерде өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән айтады. Қолөнермен шұғылданып, моншақтан тоқыма тоқу өнерін меңгергендері де бар. «Әрине, мұның барлығын біз тәлімгерлерден үйренеміз», - дейді олар.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз