Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

01 Шілде 2015

ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ - МЕДИАЦИЯ

Ақсақалдардың бір ауыз сөзіне тоқтаған, қанша дау болса да пәтуәлі пікірді сыйлаған бабаларымыздың тектілігіне таңғалуға болады. Елінің жамандығын жасырып, жақсылыған асырған сол ғұрыптың арқасынла тентекті тезге салу аса қиындық тудырмаған. Сол әдемі заңдылықтың, ауызша құқықтық құжаттың көмегімен – ақ елдегі тәртіптің сақталғаны бүгінде аңызға бергісіз ақиқат. Ал келіспегендерді бітімгершілікке келтіріп, дауды ұзаққа созбай шешудің кілтін тапқан билердің тәжірибесі кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ, медиацианы енгізуге өмірлік тәжірибе себеп болғаны айқын. Осындай, ата – бабамыздан келе жатқан құқықтық нормалардың жалғасы іспеттес «Медиация туралы» заңның күшіне енгеніне екі жылға жуық уақыт өтіпті.

Медиация  азаматтық – құқықтық, соның ішінде, кәсіпкерлік  немесе өзге экономикалық  қызыметтер,  еңбек және  отбасылық  құқықтық  қатынастардан  туындайтын  талас – тартыстар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын жеке құқықтық қатынастардан, сондай – ақ, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қылмыстық – құқықтық салада туындайтын талас – тартыстарды шешуде қолданылады.

Жаңа заңның артықшылығы да жетерлік, мәселені бітімгершілік жолмен шешу уақыт пен қаржыны үнемдеуге көмектеседі. Тәжірибеде соттың шешімі тараптардың бірін риза еткенмен, екінші жақтың наразылығынтулыратынын жиі көіп жүрміз. Бұл жағдайдың сот шешімдеріне, судья қызметіне көңілі толмайтындарының қатарын арттырып, арызданушыларды көбейткенін де жасыруға болмайды. Әлбетте, «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табатыны» анық. Ал, медиацияның артықшылығы тараптардың бірігіп шешім қабылдауымен құнды. дауласушы екі жақ оған ерікті түрде қатысып, бұл міселелрдің уақыты мен өтетін орнын өздері шешеді. Сондай – ақ медиация үдерісінде жеңілуші мен жеңуші  болмайды. Оның мақсаты – тараптардың алтын уақыттарын тиімді пайдаланвп, тараптардың жүйкелерін тоздырмау, текке кететін құжаттарды жұмсаудың алдын алу. Сондықтан қазіргі жағдайда медиация өте тиімді де ұтымды деуге толық негіз бар.

Сонымен қатар, медиация рәсімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер бойынша және мемлекеттік қызметпен мемлекеттік басқаруға қарсы өзге де қылмсытарға қатысты да қолданылмайтынын айта кеткен дұрыс.

Read more

ЖАДЫРАҒАН ЖАЗДА ЖАЙЛЫ ДЕМАЛЫС

 

Жыл бойы «Білім» теңізінде жүзген оқушылар демалыс аралына жетті. Белгілі бір міндеттен босап, арқаны кеңге салатын көңілді шақты әр бала асыға күтеді. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана–сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі екенін ескерген аудандық білім беру бөлімі биыл да жаз лебі біліне салысымен жылдағы дәстүр бойынша жазғы балажайларды ұйымдастыруды қолға алды.

Адам жанының табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейе түсетін, жеке көзқарас қалыптасатынтамаша кезеңді тиімді өткізу үлкен міндет. Бұл тұрғыда ауданымыз көшті бастап тұрғаны мәлім. Сарыбел ауылында орналасқан «Жас толқын» балажайы оқушылардың сүйікті демалыс орнына айналды. Таулары тарихтың тамырындай толғанып тұрған, суы қазақтың дархан көңіліндей асып-тасып жатқан дария-даланы бір көрген соң кеткің келмейді. Биыл аталған балажайда 60 бала демалады. Екі ауысымда жұмыс істейтін балажайға өз қалауларымен сұранып келгендердің көпшілігі жылда барып, сол жерді өздерінің өмірінің бір бөлшегіне айналдырған балалар. Әбден танып, достасып алған тәлімгерлер оларға «Балажайдың ардагерлері» деген лақап ат қойып алыпты. Әртүрлі көңілді іс шаралар мен спорттық сайыстар өткізілетін орынға келгеніне демалушылар дән риза.

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың бос қалған мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын ауданымыз сәтті жүзеге асырды. Оған дәлел, Новостойка ауылындағы «Балауса» спорттық-сауықтыру кешені 200 баланы қуанышқа бөлейді. Аудан әкімінің бастамасымен, аталмыш балажайда демалуға әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар толықтай тартылды. Жолдамалар жаппай оқу қорының есебінен төленеді. Бес ауысымда жұмыс жасайтын балажай демалушыларына пайдасы мол интеллектуалды ойындар мен топтық іс шаралар жүргізіп, балаң көңілдерді жадыратуға бар ынталарын салуда.

 - Жаз айлары келе салысымен мен балажайға асығамын. Міне, биыл бесінші жыл қатарынан келіп отырмын. Бұл жердің тартымды табиғаты тылсым сыр шертіп тұрғандай көрінеді. Өзімді сол әсем бейненің бір бөлшегі сияқты сезінемін. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы болғандықтан, барлығымыз ұялы телефонның тәуелділігінен оңайлықпен шыға алмай жүрміз. Ал, балажай маңында телефон байланысы жоқ болғанының өзі өте тиімді. Бір уақ экранмен емес, Жер-Әлеммен байланыста болып асыр саламыз. Барлық достарымды балажайға шақырамын, - деп шынайы көңілін білдірді Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп оқушысы Ерасыл Әшімтаев.

Баланың жан-жақты қалыптасқан тұлға болып өсуіне тәлім мен тәрбие ғана емес, алаңсыз демалыс та үлкен үлес қосады. Демек, ұлағатты ұрпақты ел ертеңіне айналдыру жолында демалыс кешендерінің де алатын орны ерекше екенін ұмытпағанымыз жөн.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Read more

ЖАЗҒЫ БАЛАЖАЙ – БАЛАЛАР ҚУАНЫШЫ

«Жаз жайнатып,күн күлдіріп, біз лагерге барамыз.

Өзен-көл мен кең далада, ойнап асыр саламыз», - деп балғындардың лагерь жырын шырқайтын сәт те жетті. Жаз мауысымы басталғалы оқушылар жазғы демалыстарын көңілді өткізуде. Біздің ауданда оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізулеріне білім беру бөлімі мен әкімшілік тарапынан ұдайы көңіл бөлініп, жыл сайын бұл мезгілде аудан мектептері жанынан арнайы балажайлар ұйымдастырылады.

Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы демалыс орындарына баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс балажайынан бастау алары сөзсіз.

Біздің ауданымызда балаларға арналған бес бірдей демалыс орны жұмыс істеп тұр. Солардың бірі Мойылды ауылындағы «Балауса Көкпекті» спорттық сауықтыру кешені. Балажайда 200 бала дем алады. Аталған кешенде бес ауысым бойынша жұмыстар атқарылатын болса, бүгінде жазғы демалыс орнында 40 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде.

Тағы бір, тілге тиек етіп айтатын демалыс орындары Көкжотадағы «Күншуақ» пен Құлынжондағы «Балдәурен» спорттық сауықтыру балажайлары. Бұл демалыс орындарында 60 баланы барлығы екі ауысыммен қабылдайды. Аталмыш балажайларда көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына да демалуға мүмкіндіктер бар. Демалуға келген оқушыларды күнделікті мектеп мейірбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Бұнда балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша оларға 4 мезгіл тамақ беріледі. «Бала күлкіге тоймас» дегендей балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіліп тұрады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтеді. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар балажайдың қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр.

Сонымен қатар, аудан мектептерінің жанында жазғы демалыс балажайлары да ұйымдастырылды. Жазғы мектеп жанындағы балажай оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етсе, сондай-ақ әлеуметтік түсінік қабілетін дамытуға негіз құрайды, олар алған тәжірибесін кез келген үжымда қолдана отырып, соңында оқу іс-әрекетінде де қарым-қатынас жасай алады. Көкпекті ауданы бойынша мектеп жанындағы балажайлар құрылған. Аудан бойынша 35 мектеп шағын балажайлар ұйымдастырылып. Онда бастауыш және орта буын аралығындағы оқушылардан жиыны 1884 бала дем алады. Балажайдағы демалу уақыты он күн, балалардың көбі жаппай оқу қорының есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Аудандық білім беру бөлімі мектептеріндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың дем алуына да көңіл бөлген. Аудандағы 145 мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 оқушысы мектеп жанындағы балажайларда жазғы демалыс күндерін өткізуде.

Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Осындай демалыс орындары балалардың денсаулығын жақсартуға, қоршаған орта табиғатымен танысуға, жаңа достар тауып, басқа ортаның балаларымен еркін араласуға, ой-өрістерін дамытуға зор ықпал ететіні анық.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Read more

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Әрбір мемлекеттің дамуына мемлекеттік қызметкердің қосар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған 24 жылға жуық уақыт ішінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Елбасымыз «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар – бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет», деп мемлекеттік қызметтің маңыздылығы жөнінде ерекше тоқталған болатын.

Осы орайда, атаулы мереке мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін асырып, сала мамандарына деген сенім мен құрметтің артуына жағдай жасайды десек, қателеспеспіз. Мерейлі күнге орай, осы жолда адал қызмет етіп келе жатқан бірқатар мемлекеттік қызметкерлер аудан әкімі Рамиль Сағандыковтың атынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Салтанатты шараға аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлері, ауылдық округ әкімдерінің аппараты қатысты. Мемлекет алдындағы антын абыроймен өтеп жүрген қызметкерлер алдында аудан әкімі аппаратының басшысы Раушан Кемербаева сөз алды:

 - Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның алғашқы тарауы «кәсіби мемлекеттік аппарат құруға», яғни 15 қадамы осы мемлекеттік қызметке қатысты айтылады. Осы қадамдар арқылы Қазақстанның барлық аумағындағы әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер халыққа сапалы қызмет көрсетулері тиіс. Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру шаралары барлық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тиімділігін арттыратыны ақиқат.

Айта кетейік, ауданымызда бүгінгі таңда 163 мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Жалпы штаттық бірлік 223 мемлекеттік қызмет лауазымын құрайды. Демек, өткен жылмен салыстырғанда 45 бірлікке артып отыр. Мұның ішінде нәзік жанды қызметкерлер саны 90 адам, ол жалпы көрсеткіштің 55,0 пайызы. Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 39 болса, орташа еңбек өтілі 9 жыл.

Раушан Алпысбекқызы аудан басшысының атынан адал еңбегімен осы салада көш бастаған бірқатар әріптестерге «Алғыс хаттар» табыстады. Олардың қатарында Нұрлыға Уаисова, Әлия Абилова, Жанат Суюндукова, Руслан Кабдолданов, Рауза Вольф, Гүлназ Анкебаева, Бауыржан Абылғазыұлы, Әлия Малакшинова, Мақпал Құшанова, Адия Фахрутдинованың есімдері ерекше құрметпен аталды.

Олардың көптеген жыл бойы сіңірген еңбегін назардан тыс қалдырмай, мерейлі сәтте марапаттау да елге талмай еңбек етіп жатқан азаматтарымызға шынайы шабыт пен алдағы атқарар жұмыстарына зор сенімділік береді. Әр қызметші өз кәсібін мақтан тұтып, қоғам назарына бөленіп, өз еңбегі үшін лайықты марапатталып жатса, қай саланың болсын жұмысы жанданатыны анық. Мемлекеттік қызметші күні де сол үдеден шығуды көздейді. Сонымен қатар, бұл кәсіби мереке күнтізбеде жұмыс күні болып саналатынын ескеруіміз керек. Мұндай бастамалар  халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түседі.

Салтанатты шараның соңы ауданда алғаш ұйымдастырылған «Мемлекеттік қызметкер-2015» атты теңдессіз байқауына ұласты. Сайысты өткізудегі негізгі мақсат мемлекеттік қызметкерлер арасында үлгілі ата-ана, ата-әже, үлгілі отбасы, мықты спортшылар, дарынды өнер иелері бар екенін көрсету дейді ұйымдастырушылар.

Шаттыққа толы көңіл-күй сыйлаған тартымды байқау мәдениет үйіне жиылған көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Күнделікті жұмыс бабында көптеп кездесіп жататын небір қызықты сәттер сахнада қайта жанданып, байқауға қатысушылар тарапынан жарасымды түрде ұсынылып отырды. Екеуіне ортақ жарты ғасырлық мемлекеттік қызмет өтілі бар ауылдық округ әкімдері Салауат Дүсіпов пен Нұрлан Назарханов көпшіліктің анық көзайымына айналды. Байсалды әрі байыпты Анар Үмітқазықызы өзіне ғана тән қарапайым қылығымен баураса, жас маман Айгүл Жотабаева жан-жақты өнерімен тәнті етті.

Ел үшін еңбек ету зор құрмет, абыройлы міндет. Халық үшін маңдай терін төгіп, адал еңбегімен ел аузына ілігіп жүрген қарапайым, ізетті, мейірімді мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесі жоғарғы деңгейде аталып өткені орынды, әрі осы сала қызметкерлерінің абырой, беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Күнделікті жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады. Мемлекеттік қызметкерлер «ұлттың қызметшісі» болғанда ғана мемлекеттік қызмет мінсіз болатыны ақиқат.

 

Дархан БЕРДІБЕК

Read more

АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Көкпекті аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға аудандық «Қазпошта» АҚ, редакция ұжымы және «Аудандық өндірістік телекоммуникация торабы» АҚ қызметкерлері қатысты.

Бүгінгі нарықтық заманда өмірімізді байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз