Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабында көрсетілгендей, неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге, өзiнiң ата-аналарын бiлуге, олардың қамқорлығында болуға, олармен бiрге тұруға құқығы бар.  Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.

Ал, ата-аналар өз балаларына қамқорлық жасап, оларды тәрбиелеуге міндетті. Ата-аналар баланың дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. 

 

Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар. Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138 бабының 2 тармағына сәйкес егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Қазіргі уақытта көптеген ересек адамдар, әсіресе ер адамдар, шы-ғарылған сот шешімдеріне қарамастан, алимент төлеуден айлап-жылдап жалтарып жүреді, балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамайды. Мұндай жа-уапсыз азаматтар өкінішке орай елімізде көп.

Бұл орайда, 2014 жылдың 3 шілдесінде қабылданып, 2015 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне  кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғайтын өзгерістер енгізілгенін атап өту қажет.

Ескі Қылмыстық кодекстің талабымен салыстырғанда жаңа Қылмыстық кодексте осындай «қашқын әкелерге» қолданылатын жаза қатаң. Атап айтқанда, алимент төлеуден жалтарғандарға айыппұл салу, қоғамдық жұмысқа тарту жазалары емес, енді олар екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Бала – еліміздің болашағы» десек, бала тағдырына және тәрбиесіне еліміздің азаматтары, заңгерлер, судьялар және сот қызметкерлері бейжай қарамауы тиіс. Бұл жолда бәріміз бірігіп үлкен жауапкершілікпен заң талаптарын іске асыруға күш жұмсауымыз қажет. 

Ә.Бақытбекұлы, Көкпекті аудандық

соты төрағасының м.а.

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз