Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 Тамыз 2015

ҮКІЛІ ҮМІТ ИЕЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ

Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Сондай елдің төсінде өмірге келіп, құлашын биікке, қанатын кеңге сермеп өскен перзент еліміздің арайлы таңының пердесін тек өзі ғана аша алатынын сезінуі тиіс. Бүгінде мемлекет те оларды ерекше назарға алып отыр.

Елімізде үкілі үміт иелерінің мерекесі 2000 жылдан бастап ағымдағы айдың 12 жұлдызында аталып өтіледі. Биыл ауданымыздың жалындылары мерекені атап өтуге таң атысымен кірісті. Бірінші кезекте «Толағай жастары» атты патриоттық акциясы өткізіліп, жастар топ болып ауданымызды құшағына алып тұрған Толағай тауына шығып, еліміздің көк байрағын тікті.

Read more

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабында көрсетілгендей, неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге, өзiнiң ата-аналарын бiлуге, олардың қамқорлығында болуға, олармен бiрге тұруға құқығы бар.  Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.

Ал, ата-аналар өз балаларына қамқорлық жасап, оларды тәрбиелеуге міндетті. Ата-аналар баланың дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. 

Read more

АУЫЛЫНА ҚАРАП, АЗАМАТЫН ТАНЫ

Самарқан Жотабаев - Самар ауылындағы «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы. Ол туған ауылының сырт келбетіне, туындаған мәселелеріне немқұрайлы қа-райтындар қатарынан емес. Ауылдағы талай игілікті шара-лардың басында Самарқан Қалисатарұлы тұрғаны баршаға аян.

Міне, осындай азамат тағы бір бастаманы қолға алып, өз қаражатымен Самар ауылының орталық көшесі – Самардың 100 жылдығы (бұрынғы Совет көшесі) атындағы көшенің жолына жөндеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысқа шаруашылықтың 1 миллион теңгеден астам қаржысы жұмсалды. «Ауыл көшелері жылдан-жылға тозып барады. Қазір ауыл ішінде жүретін автокөлік көп.

Read more

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ауған жауынгерлеріне арналған саябақ пен ескерткішке жөндеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын жасалған болатын. Ескерткіштің артқы жағындағы қабырға қайта-қайта сылағы түсе берген соң, биыл олқылық актісі жасалып, қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жасалатын болып ұйғарылды.

 «КZ Теплострой Сервис» ЖШС 215 мың теңгенің жұмысын атқаруды қолға алып, іске кірісіп кеткен. – Біз бұл саябақта тек ескерткіштің ақауын жөндеп қана қоймай, айналасын абаттандыруды да жүргіземіз. Орындықтарды, БТР-ді  сырлап, жаңадан шамдар орнатамыз. Сонымен бірге, айналасын тазалап, қалыпқа келтіреміз»,-дейді осы жердегі жұмысқа басшылық жасап жүрген кәсіпорын шебері Роман Костров.

Read more

ЖАҢА ҚАТЫМХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Қазақ ұғымында аурухана, емхана, тойхана, кітапхана, асхана, шайхана, тағы басқа толып жатқан «ханалар» бар екені бүгінгі таңда белгілі. Сол көп ханалардың ішінде адам жанын  азықтандыратын  екі ғана «хана» бар, олар кітапхана, екіншісі қазіргі әңгіме еткелі отырған қатымхана. Көкпектіліктер үшін 250 адамға арналған қатымхана құрылысы қолға алынды.  Осы қатымхананың құрылысы қалай өтуде, қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы орталық мешіттің бас имамының міндетін атқарушы Кенжебек Ахметқалиев баяндап берді.

- Неше жылдан бері көкейде жүрген ауыл тұрғындарының түйінді мәселесі шешімін тапты. Жүрегімізде мұз болып қатқан ауыр сезімді  ерітіп, бойымызға имандылық дәнін еккен мұсылман бауырларымызға мың да бір рақмет айтқым келеді. Тәуекелге бел буып, барлық мекемелерге, жеке кәсіпкерлерге «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақсатта хаттар жолдаған едік. Құдайға шүкір, мейірбан мұсылман қауымның арқасында осы игі бастама басталып кетті. Қазіргі іргетасын қалауға қаражаттты әу баста Алматы қаласындағы Қажы апа 200 мың теңге, Серикқали Қажы 100 мың теңге қаражат берген болатын. Ал, ауылымыздың азаматы Санат Батанұлы 100 мың теңге қаражат берді. Сонымен қатар, мешітке берген пітір садақаның 500 мың теңгесі қосылған қаражатпен қатымхананың құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Қатымхана салу жұмыстарында Ерсін есімді құрылыстың қыр-сырын білетін жігіт ағасының  басқаруымен, Дәулет, Жүніс, Ернат, Шахнияз сияқты ер азаматтар еңбек етуде. Бұл қатымхананы заманауи талапқа сай тайқазан, ыдыс-аяқ, керекті жиһаздармен жабдықтауды ойлап  отырмыз. Бұл, әрине, қаражатқа байланыс-ты, барлықтарыңыздан тағы көмек көрсетеді деген үміттеміз. Қатымхананың құрылысын, құдай қаласа, 27 қыркүйекке, яғни құрбан айтқа  дейін бітереміз деп жоспарлаудамыз. Пайғамбарымыз: «Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген». Ендеше, мешіттің жанында салынатын қатымханамыз имандылықтың темірқазығына айналсын. Халықты имандылыққа ұйытатын, елдің береке-бірлігін баянды ететін аталмыш қатымхананы салуға ат салысқан азаматтарға Алланың нұры жаусын! - деді Кенжебек Қалиақпарұлы.

Ең бастысы, біріміз бастаған игілікті істі екіншіміз сабақтастырып, үшіншіміз тереңдете білсек, ел іргесінің бүтіндігіне өз тұрғымыздан атсалысқандығымыз. Туған жерлеріне тағзым етіп, ауылдарына түрлі нысандар тұрғызып беріп жатқан азаматтарымыздың да ең әуелгі ниеті сол болса керек.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Read more

ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ - КОНСТИТУЦИЯ

Қазақстан Республикасының Конституциясы назар аударатын басты ерекшелігі - бұған дейінгі конституциялар өкілдік органдар арқылы қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданды. Осылайша еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп  берді. Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бо-йына сіңірді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз