Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Сондай елдің төсінде өмірге келіп, құлашын биікке, қанатын кеңге сермеп өскен перзент еліміздің арайлы таңының пердесін тек өзі ғана аша алатынын сезінуі тиіс. Бүгінде мемлекет те оларды ерекше назарға алып отыр.

Елімізде үкілі үміт иелерінің мерекесі 2000 жылдан бастап ағымдағы айдың 12 жұлдызында аталып өтіледі. Биыл ауданымыздың жалындылары мерекені атап өтуге таң атысымен кірісті. Бірінші кезекте «Толағай жастары» атты патриоттық акциясы өткізіліп, жастар топ болып ауданымызды құшағына алып тұрған Толағай тауына шығып, еліміздің көк байрағын тікті.

Шұғыла шашқан күн нұрына бөленіп, желмен бірге желбіреген көк тудан әркім бойына қуат алғаны рас. Биікке шыққан сайын қиындай түсетін тау жолы ешкімді мойытпады. Бір-бірінен қалмай, барлығының жылдам көтерілгенінің өзі жастардың ерік күшін, қойған мақсаттарына жетпей тынбайтын қайсар мінезін дәлелдеді. Осы аз ғана уақыттың өзі жастардың қамқорлық пен достық қарым-қатынастарын берік ете түсті. «Мемлекетіміздің болашағын жарқын ету жолында біздің іс әрекеттеріміз ғана емес, патриоттық сезіміміздің де маңызы зор. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай келе, әрдайым елімізді сүйетін, жігерлі жастар қатарында болайық дегім келеді» деді Жастар орталығының директоры Азат Қайратұлы. Сонымен қатар, мереке осымен аяқталмайтынын айтып, барлығын осы күн бойы өткізілетін қызықты шараларға белсене қатысуға шақырды. Келесі кезекте мекемелер мен ұйымдар арасында пейнтбол ойынынан турнир ұйымдастырылып, әркімге оңай соға бермейтін бұл ойынға жастар тағы да ерекше құлшыныспен қатысты. Нағыз жүйріктер мен батылдардың са-йысында аудан әкімі аппаратының жас мамандары жеңіске жетсе, көтеріңкі көңілді жандарына серік еткен «Толағай тентектері» Жайдарман тобы 2 орынды иеленді. Ал, Жастар орталығы жолдастарына жол беріп, 3 орынды місе тұтты.

Кешкі ауа райының өзі жастарымызға ерекше әсер сыйлады. Аспаннан нұр жауып, көңілдегі сенімсіздік сияқты сезім болса, соның барлығын шайып кеткендей болды. Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алаңында өткізілген би кешіне жастар көп жиналды. Өзіндік ерекшелігі бар би кеші «SANSATION» түрінде өтті. Яғни, барлық қатысушылар ақ киіммен келулері тиіс. Бұл қағида да орындалмай қалмады. Ауданымыздың жайдары жандары қауымды күлкіге бөлеп, әзіл аспанын кеңейтті. Көңілдің көкжиегін көтеретін қызықты ойындар көрермендердің жанын жадыратты. Мерекелік кеш соңында аспанға атылған отшашу, жастарымыздың бойларындағы жалыны-мен астасып, аспанды жарық ете түскендей көрінді. Мен де ішімнен осы отшашу сияқты жас өреннің әрқайсысының жүректері жалынды, жұлдыздары жоғары болса екен деп тіледім. Мереке тәмамдалған тұста ұшырылған аспан шамдары арманы асқақ арландардың мақсат-тілегін арқалап, көк күмбездер шаһарына аттанды.

Таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны жастарға жүктелген міндет пен сенімнің салмағы ел болашағымен өлшенеді. Мемлекетіміздің әлеуметтік-эканомикалық даму жолындағы қар-қыны, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұс-танымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Еліміздің бейбітшілік орнаған аспаны астында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасайды деген сеніміміз мол.

 

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз