Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы назар аударатын басты ерекшелігі - бұған дейінгі конституциялар өкілдік органдар арқылы қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданды. Осылайша еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп  берді. Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бо-йына сіңірді.

Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ең жоғарғы заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқықтық жүйесінің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Ол – ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі, саяси-құқықтық төлқұжаты.

 Ата Заңның 1 тармағында «Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы - адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға  мүмкіндік береді.

 Осылайша, мемлекетіміздің Ата Заңы халқымыздың тәуелсіз ел болуды армандаған мүддесін заң тілінде айшықтаған, әлемге адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет бар екенін паш еткен құқықтық құжат болып табылады. Осы Конституциямен еліміздің мемлекеттік тұғыры нығайды, оның басқару тетігі бір жүйеге келді. Еліміздің бұл негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Саяси партиялардың рөлі көтеріліп, адам құқығын қорғау жаңа деңгейде қамтамасыз  етілді.

Ата заңымыздың авторы бүкіл Қазақстан халқы болса, ал оның дем берушісі әрі бастаушысы, оның қабылдануына, ондағы ережелердің мемлекетіміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуына орасан зор күш жұмсаған - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Халық өзінің егемен құқығын пайдаланып, қабылдаған Конституция қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік киелі күші бар - тәуелсіз мемлекетіміздің үлкен қазынасы.

Б.Құржанбаев, Көкпекті аудандық

сотының сот приставы 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз