Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауған жауынгерлеріне арналған саябақ пен ескерткішке жөндеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын жасалған болатын. Ескерткіштің артқы жағындағы қабырға қайта-қайта сылағы түсе берген соң, биыл олқылық актісі жасалып, қайтадан қалпына келтіру жұмыстары жасалатын болып ұйғарылды.

 «КZ Теплострой Сервис» ЖШС 215 мың теңгенің жұмысын атқаруды қолға алып, іске кірісіп кеткен. – Біз бұл саябақта тек ескерткіштің ақауын жөндеп қана қоймай, айналасын абаттандыруды да жүргіземіз. Орындықтарды, БТР-ді  сырлап, жаңадан шамдар орнатамыз. Сонымен бірге, айналасын тазалап, қалыпқа келтіреміз»,-дейді осы жердегі жұмысқа басшылық жасап жүрген кәсіпорын шебері Роман Костров.

 

 Құжат бойынша көрсетілген жұмыстан тыс олар бүлінген төсеніш тастарды қалпына келтіріп, есік пен қақпаларды жөндемекші. Тағы да сол сияқты ұсақ-түйек жұмыстарды өз есептерінен атқаруды қолға алған. «Бұл жерге келетін жастар айналаларын бүлдірмей отырса ғой. Бұта-бұтаның түбінде бос шөлмектер жатыр. Тым болмаса  жас-тай қыршын кеткен боздақтарымыздың аруғын сыйласа, оларды құр-меттесе деп ойлаймын. Патриоттық сезімдері қайда екен? Олар да кезінде сондай жас болған, бірақ сол жастықтарын жат елде құрбан етті. Саябаққа демалуға келгендердің өздерінің де солар сияқты жас екендіктерін ұмытпаса екен деген өтінішім бар»,- дейді Р.Костров.

Бұл бригада жөндеу жұмыстарын бір-екі аптаның ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз