Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самарқан Жотабаев - Самар ауылындағы «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы. Ол туған ауылының сырт келбетіне, туындаған мәселелеріне немқұрайлы қа-райтындар қатарынан емес. Ауылдағы талай игілікті шара-лардың басында Самарқан Қалисатарұлы тұрғаны баршаға аян.

Міне, осындай азамат тағы бір бастаманы қолға алып, өз қаражатымен Самар ауылының орталық көшесі – Самардың 100 жылдығы (бұрынғы Совет көшесі) атындағы көшенің жолына жөндеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысқа шаруашылықтың 1 миллион теңгеден астам қаржысы жұмсалды. «Ауыл көшелері жылдан-жылға тозып барады. Қазір ауыл ішінде жүретін автокөлік көп.

Сырттан келетіндер де баршылық. Ауылға келген қонақтар көшелердің жолы тозып тұрғанын байқайды. Оған жөндеу жүргізе алмай отырған ауылдың бас көтерер азаматтарына сын», - дейді аудандық мәслихаттың депутаты. Жөндеу жұмысын жүргізуге ЖҚБ-16 мекемесі көмек қолын созып, жұмысшылар мен техника бөлген. С.Жотабаевтың өзі жұмыс барысын қадағалап, жұмысшылармен бірге қимылдауда.

Ауылдағы басқа шаруашылық басшылары да өздеріне бір-бір көшені алып, жөндеп берсе, халықтың алғысына бөленері сөзсіз. Бұл үлгі аларлық істі қолдаушылар табылатынына сенімдіміз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз