Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақсақалдардың бір ауыз сөзіне тоқтаған, қанша дау болса да пәтуәлі пікірді сыйлаған бабаларымыздың тектілігіне таңғалуға болады. Елінің жамандығын жасырып, жақсылыған асырған сол ғұрыптың арқасынла тентекті тезге салу аса қиындық тудырмаған. Сол әдемі заңдылықтың, ауызша құқықтық құжаттың көмегімен – ақ елдегі тәртіптің сақталғаны бүгінде аңызға бергісіз ақиқат. Ал келіспегендерді бітімгершілікке келтіріп, дауды ұзаққа созбай шешудің кілтін тапқан билердің тәжірибесі кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ, медиацианы енгізуге өмірлік тәжірибе себеп болғаны айқын. Осындай, ата – бабамыздан келе жатқан құқықтық нормалардың жалғасы іспеттес «Медиация туралы» заңның күшіне енгеніне екі жылға жуық уақыт өтіпті.

Медиация  азаматтық – құқықтық, соның ішінде, кәсіпкерлік  немесе өзге экономикалық  қызыметтер,  еңбек және  отбасылық  құқықтық  қатынастардан  туындайтын  талас – тартыстар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын жеке құқықтық қатынастардан, сондай – ақ, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қылмыстық – құқықтық салада туындайтын талас – тартыстарды шешуде қолданылады.

Жаңа заңның артықшылығы да жетерлік, мәселені бітімгершілік жолмен шешу уақыт пен қаржыны үнемдеуге көмектеседі. Тәжірибеде соттың шешімі тараптардың бірін риза еткенмен, екінші жақтың наразылығынтулыратынын жиі көіп жүрміз. Бұл жағдайдың сот шешімдеріне, судья қызметіне көңілі толмайтындарының қатарын арттырып, арызданушыларды көбейткенін де жасыруға болмайды. Әлбетте, «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табатыны» анық. Ал, медиацияның артықшылығы тараптардың бірігіп шешім қабылдауымен құнды. дауласушы екі жақ оған ерікті түрде қатысып, бұл міселелрдің уақыты мен өтетін орнын өздері шешеді. Сондай – ақ медиация үдерісінде жеңілуші мен жеңуші  болмайды. Оның мақсаты – тараптардың алтын уақыттарын тиімді пайдаланвп, тараптардың жүйкелерін тоздырмау, текке кететін құжаттарды жұмсаудың алдын алу. Сондықтан қазіргі жағдайда медиация өте тиімді де ұтымды деуге толық негіз бар.

Сонымен қатар, медиация рәсімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер бойынша және мемлекеттік қызметпен мемлекеттік басқаруға қарсы өзге де қылмсытарға қатысты да қолданылмайтынын айта кеткен дұрыс.

 

Жазаны ізгілендіруді жолға қойып, түзеу мекемелеріндегі сотталғандар санын азайтуды мақсат еткен еліміздің жаңа заңнан күтері көп. Бұл заң сот жүйесіне жаңашыл өзгеріс енгізіп, дауды шешудің тағы бір тиімді жолын айқындады. Қылмыстың үлкен, кішісі болмайды. Дегенмен, жаңа заңнын

көмегімен сотталғандар санын азайтуға ықпал ете алсақ, бұл біздің қоғамға тигізген бір пайдамыз болары даусыз.

Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биялғы жолдауында адам құқығын қорғау жолындағы сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оны бюрократиялық кедергілерден арылту, дауларды соттардын тыс реттеу институтын дамыту тетіктерін қарастыру керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді. Осы орайда, соттарда іс жүргізу кезінде «Медиация туралы» заңды кең көлемде қолдануымыз қажет деп ойлаймын.

Ш.Қалдыбаева, Көкпекті аудандық сотының

 кеңсе меңгерушісі 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз