Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы қаулысымен кәсіби мереке ретінде бекітілген полиция қызметкерлерінің күні төл мереке иелеріне құрмет көрсету мақсатында елімізде жыл сайын 23 маусымда аталып өтеді. Күйбің тіршіліктің қиын-қыстау кезеңінде демеу болып, аудан тұрғындарының қасынан табылатын Көкпекті аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері құқықтық тәртіп пен қоғамның қауіпсіздігі үшн тәулігіне 24 сағат қалтқысыз қызмет атқарып, ел аузында қалатын ерлік жасамаса да, аудан тұрғындарының арыз-өтініштерін қанағаттандырып, алғыстарына бөленіп жүрген жайы бар. Күнделікті атқаратын жұмыстарының қиындығына қарамастан, полицейлердің табандылығы, төзімділігі, қырағылығы, қарапайымдылығы, өз істеріне деген сүйіспеншілігі кімді де болса қайран қалдыратыны анық.

Кәсіби мереке күні аудандық Ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында полиция қызметкерлері Ішкі істер органы зейнеткерлерімен кездесті. Бас қосуда бөлім басшысы Е.Сейілханов әріптестері мен ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтеріндегі қырағылығы мен табанды еңбектері үшін алғысын айтты. Ал, аудан әкімінің атынан полиция қызмекерлерін аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова құттықтап, аудан әкімінің мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын құқық қорғау органының белсенді қызметкерлеріне табыс-тап, құттықтау сөзін жеткізді.

Бұл күні Ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хаттар мен мемлекеттік марапаттар табыстау дәстүрге айналған.  Аталған дәстүр жалғасын тауып, үздік полицейлер мен белсенді қызметкерлер әр түрлі сыйлықтарға ие болды. ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Жүнісов  республикалық ардагерлер кеңесінің атынан ҚР ІІМ мадақтау төс белгісін аудандық ІІБ ардагері П.Чуркинға табыстады. Сонымен қатар, АІІБ және облыстық, аудандық ІІБ ардагерлер кеңесі атынан ардагерлер мен бүгінгі күні полиция қызметінде жүрген азаматтар алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, М.Байжуминов, Ф.Аверко, Ф.Мавлютов, С.Кенемолдин, Н.Құсаинова, К.Бытымбаев, З.Қабанбаев, Е.Хамитов, Л.Матанова, М.Қасенов, А.Ахмеров, А.Байсақаловтар белсенді қызметтері үшін медальдарға ие болды.

Тәртіп сақшылары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз. Ауданымыздың өркендеуі жолында табысты қызмет ете  берулеріңізге тілектеспіз.

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болсын!

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз