Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлының бастауымен Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқық-тарын қорғау басқармасы ғимаратында басшысы Г.Абдрасулованың, заңгер А.Акчабарованың, жетекші мамандар Г.Мирзасованың, Н.Рахимованың, А.Төлегенованың қатысуларымен «100 нақ-ты» қадам Ұлттық жоспарын жүзеге асыру барысындағы сот жүйесін жаңғырту мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Сот төрағасы Ә.Бақыт-бекұлы дөңгелек үстелге қа-тысушыларға сотта азамат-тық іс жүргізуге енгізілген өзгерістер бойынша ақпарат берді. Атап айтқанда сот жүйесі инстанцияларының оңтайландырылуы, судья лауазымына үміткерлерге біліктілік талаптарының қатай-тылуы, судьялардың жаңа этикалық кодексінің әзірленуі, прокурорлардың қатысуымен қаралатын істер санының азайтылуы, барлық сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбаның қолдануымен өткізілуін қамтамасыз етілуі, Қазақстан Респуликасының Жоғарғы Сотында инвестициялық даулар бойынша жаңа мамандандырылған алқаның құрылуы, сотта татуласу рәсімдерінің кеңейтілуі және жеке және заңды тұлғалар арыздарын сот кабинеті арқылы түсіруге мүмкіндіктері бар екені туралы жеке тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сотта азаматтардың іс жүргізуді ары қарай жетілдіру туралы ұсыныстарымен және пікірлерімен алмасты.
Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі

Сайлау — сайланбалы мемлекеттік лауа-зымдарға адам таңдау науқаны. Азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны болып табылады. Демократиялық қоғамда сайлау мынадай міндет атқарады: мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады; саяси элита мен жетекшілерді іріктейді; үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды; мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді; саяси жанжалдың алдын алады.
Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Рес-публикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар, сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.
Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді. Сайлау әділеттілігінің өлшемдері: бәсекелестік, мерзімділік, өкілеттілік және нәтижелілік болып табылады:
Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады.
Р.Сүйеукенов,
Көкпекті ауданының № 2
аудандық сотының жетекші
маманы-сот приставы

Мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін білу біздің еліміздегі әрбір азаматтың міндеті. Ол тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің, құндылықтарының бірі. Ана тілімізді білмей, ұлттық мәдениетімізді сыйламай, қалай ғана осы елдің азаматымыз деп бас көтере аламыз? "Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте" -, деп Қадыр Мырзалиев атамыз айтқандай, ең бірінші өз тілімізді танып, құрметтеп алмай, қалай ұлт мақтанышы бола аламыз?
Бүгінгі таңда қазақ тілін меңгеру басты талап болып табылады. Ал, осы мемлекеттік тіл мәселесіне келер болсақ, ол - қазақ тілінің мәртебесінің өз деңгейінде болмауы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында айтқандай, үш тілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей дәрежеде меңгеру керек. Әрине, қарқынды даму үстіндегі Қазақстан үшін бұл дұрыс шешім. Көп тілді білу бізге артық болмайды, керісінше басқа елдер қатарында біздер үшін зор үлесін қосар. Бірақ, ана тілімізді де ұмытпауымыз қажет. Әрине, көп ұлтты мемлекет болғандықтан мұндағы тіл туралы мәселе аса қиын болып келеді. Меніңше, оны болдырмау үшін әр қазақстандық бар күш-жігерін салуы керек. Қазақ халқы өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса болашақта өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтататын жағдайға жетуі де мүмкін. Тәуелсіздігімізді баянды етіп, әлем тарихында қалар мақсатымыз болса, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін әрі қарай дамытуға атсалысу қажет.
Ал бүгінгі күні Көкпекті аудандық сотындағы іс жүргізу құжаттары 100 % мемлекекттік тілде жүргізілуде. Алайда, кейбір сотқа келушілер қазақ тілін біле тұра, өтініштерін, талап арыздарын орыс тілінде сотқа түсіреді. Сондықтан қазақ тілінің қолданыстағы деңгейі жоғары болу үшін өз тілімізді құрметтеп, мәртебесіні көкке көтерейік.

Г.Өмірзақова,
Көкпекті аудандық сот кеңсесі,
бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы: «Азаматтарға есеп беретiн жергiлiктi полиция қызметiн құру қажет. Бұл қызмет қоғамдық тәртiптi қорғауға, тұрмыстық қылмыстармен күресуге, жол-патруль қызметiне жауапты болуы тиiс»,-деген еді. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жергілікті полицияның қызметі басталды. Көкпекті ауданында құрылған бұл жаңа бөлімге Ферхат Равильұлы Мавлютов жетекшілік етеді. Жаңа қызмет түріндегі басшылыққа кіріскен лауазымды тұлғаның әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз:
- Заң қоғамдық тәртіп пен қылмыстылықтың профилактикасын нығайту, ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімділік деңгейін арттыру және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін қалыптастыру бөлігінде бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.
Жергілікті полиция қызметі туралы заң жоба-сының концепциясына сәйкес, оның құрылымына келесі бөлімдер кіреді: учаскелік полиция инспекторы және олардың көмекшілері, ювеналды полиция, аймақтық бөлімшелер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі, тұрғы-лықты жері жоқтарды және әкімшілік жаза-ланғандарды қабылдау-тарату бөлімшесі.Бүгінде ішкі істер органдарын оңтайландыру жолымен жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметін ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне құрылымды түрде енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл қызмет ең көп бөліністер топтастырылған әкімшілік полиция аясында іске асырылуда. Бұдан бұрын да жергілікті әкімдіктерге Қазақстан Республикасының «Жергі-лікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңдардың аясында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті жүктелген болатын.

Толығырақ...

Елім-жерім деген қазақ даласының ұл-қыздарының армандары орындалып, еліміз тәуелсіздік алғанынан бері елеулі жетістіктерге жетті. ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің әр Жолдауында: «Болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс – сыбайлас жемқорлық екені баршаға аян. Осыған орай Қазақстан жұрты бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның дамуына қосылған үлес» - деген тұжырым жасап отыр. Себебі – қоғамға бөтен, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін аса күшті құбылыс – сыбайлас жемқорлық.
Атап айтқанда, Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-әрекет жасау жауаптылығы да белгіленген болатын. Сонымен қатар, өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық деректері туралы әрбір басшы тиісті органдарға, лауазым адамдарына уақытылы жеткізуге міндетті, яғни, ол осы міндетін орындамаса заңмен қарастырылған тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу қызметі ынталандыру шаралары арқылы көтермеленеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің айрықша тергеуіне сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық қылмыс түрлері берілді.
Сыбайлас жемқорлық сияқты қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Қылмыстың қоғам үшін қауіптілігі еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін бірден біліне бастады. Мемлекеттік аппарат шенеуніктерінің сыбайластыққа салынуы белгілі болды. Осыған байланысты республикада бұл құбылысқа қарсы бағытталған заңдылық және ұйымдасьырушылық шаралары қолға алынып, бүгінгі күнде бұндай қылмыстар жасағаны үшін жауаптылық та күшейтілген.
Сыбайлас жемқорлық азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандығын бұзуға әкеліп соғады. Оның өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдары қызметінің жұмысының тиімсіз екенін, олардың құзіретінің әлсіз екенін көрсетеді. Халықтың өкіметтен алшақтауы орын алады. Бұның барлығы мемлекет пен қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз