Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміз егемен алғалы өзінің тарихи дамуында ең бірінші күннен бастап, конституциялық құрылым мен құқықтық жүйені нығайтуға кірісті.
Бастапқы 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің тоғызыншы сессиясының он екінші шақырылымында Қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясы болды. Бұның өзі әлемдік деңгейде біздіәң мемлекетімізді басқа мемлекеттермен бірге терезесі тең, тәуелсіз әрі зайырлы мемлекетке айландырды.

Толығырақ...

Ағымдағы аптада Көкпекті аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді. Жиын барысында аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерден хабардар етті.
- Атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, 6 ай ішінде 24 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 15 тұлғаға қатысты 11 үкім шығарылды. Былтырғы жылдың аталған кезеңінде 14 тұлғаға қатысты 14 қылмыстық іс қаралған болатын. Яғни, биыл 30 пайызға артық деген сөз. Сот тарапынан ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері шығарылған жоқ. 150 азаматтық іс қаралып, 75 шешім шығарылды, оның 27 сот бұйрығы болып табылады. 3 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралды. 2015 жылы қаралған істің саны 141 (6 пайызға артық), биылғы мерзімде 157 әкімшілік, ал былтыр 210 әкімшілік іс қаралған болатын. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 25 пайызға азайғанын білдіреді, - деп атап өтті Әділ Бақытбекұлы.

Толығырақ...

Көкпекті аданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен азамат Е. қатысты әкімшілік іс қаралды. Істі қарауға дайындық кезінде судья Өскемен қалалық Үлбі полиция бөлімінің қызметкерімен іс жүргізу заннамасының өрескел бұзылғандығын анықтады.
Сот әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылған адам оралман және орыс тілін меңгермегенін анықтап, алайда бұған қарамастан полиция қызметкері қазақ тіліне аудармай, хаттамадан өзге құжаттарды орыс тілінде толтырған, осылайша жауапкершілікке тартылған адамның іспен танысу мүмкіндігінен айырған.
ҚР ӘҚБтК-нің 738 бабы 1-бөлігінінің талаптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық ісіне қатысушыларға басқа тілде берілген матер-иалдар тегін тиісті тілге ауыдарылып берілу тиіс делінген.
Осыған байланысты істі қарау қорытындысына сәйкес, мұндай фактілерді болдырмау мақсатында сотпен жеке қаулы шығарылды.


Көкпекті № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Өткен аптада Көкпекті аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы «Медиация туралы» заңның пайдалы тұстары мен ерекшеліктерін түсіндіру және халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Көкжайық, Тассай және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтер тұрғындарымен кездесті.

Толығырақ...

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық – бұл әлеуметтік құбылыс, егер мемлекеттік және өзге де басқару қызметтерін атқаруға өкілетті тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер жеке өздерінің баюы мақсатында, құқық пен адамгершілік нормаларымен белгіленген, атқарып отырған лауазымының мәртебесі мен беделін қызмет мүдделеріне қарсы қызметтік өкілеттіліктерін пайдалануы қоғам мен мемлекеттің ыдырауына әкеп соғады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз