Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада Көкпекті аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы «Медиация туралы» заңның пайдалы тұстары мен ерекшеліктерін түсіндіру және халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Көкжайық, Тассай және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтер тұрғындарымен кездесті.


- Құрамында қылмыстық іс жоқ дауларды сотқа жеткізбей-ақ бейбіт жолмен шешу әлемде кең тараған үрдіс болып табылады. Мұндай тәсілге жүгінгендердің дауын бейтарап үшінші тұлға қарап, бітімгерлік міндетін атқарады. Халық арасында медиацияның сот жүйесімен салыс-тырғанда қандай артық-шылықтары бар деген заңды сұрақ туындайтыны анық. Біріншіден, медиация процедурасы сотпен салыстырғанда аз уақыт алады әрі ме-диатордың қызметі сот қызметіне қарағанда арзанға түседі. Сонымен қатар, тараптардың арасындағы қатынас бұ-зылмайды, құпиялық сақ-талады, - деп айтып өтті Әділ Бақытбекұлы.
Өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап алған тұрғындар, орталарында сыйлы, беделі бар ауылдастарына медиатор ретінде сенім білдіретіндерін жеткізді.
Ел болған соң дау-дамай болып тұрады. Дегенмен, «Дәлдеп атып жауды жең, дәлелдеп айтып дауды жең» дегендей бітімгершілік жолмен екі жақты да татуластырғанға не жетсін! Сайып келгенде, медиацияның дамуы қоғамдағы оң өзгерістің көрінісі екені даусыз.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз