Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы, кіші әділет кеңесшісі Бақытбек Қарымсақовтың ұйымдастыруымен және аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықовтың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің мәжіліс залында бүгінгі күні ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын тудырып отырған өзекті мәселелерінің бірі - мал ұрлығы жөнінде жиналыс өткізілді. Жиналысқа ауыл әкімдері, тиісті мекеме басшылары, учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.
Ауданның елді мекендерінде мал ұрлығы жиілей бастады. Тіпті бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. «Мал ашуы – жан ашуы» деген, бірінің ақ адал малы судан, бірінікі түн жамылған қудан қолды болып, шығынға ұшырап жатқан соң, мал иесінің зар илеуін түсінуге болады. Қорасын қойға, шарасын майға толтырсам деген шаруақор жұрттың жігерін құм қылған да осы – мал ұрлығы. Осы айтылған мәселе төңірегінде мәжіліс залында қызу талқыланды.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық туралы акт қабылданды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері осымен тоғызыншы рет рақымшылық жарияланып отыр. Елімізде Рақымшылық туралы актіні Парламент шығарады.
2016 жылдың 14 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жарық көрді.
Бұл Заңда қылмыс жасаған адамды жазадан босату, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту, қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді тоқтату көзделген.

Толығырақ...

Көкпекті аудандық сотының ғимаратында ағымдағы жылдың 11 қаңтарында «БАҚ өкілдерін сот отырысына қатыстыру және сот ғимаратына келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режімді қамтамасыз ету жөнінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...

Көкпекті аудандық сотында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлымен 2016 жылдың 12 айы-ның қорытындысы бойынша баспасөз-кон-ференция өткізілді.
Шара барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерді айтып өтті. Сот төрағасының айтуынша, бір жыл 40 тұлғаға қатысты 34 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 23 тұлғаға қатысты 19 үкім шығарылып, былтырғы жылдың аталған кезеңінде 43 тұлғаға қатысты 40 қылмыстық іс қаралып, 23 тұлғаға 20 қылмыстық іс бойынша үкім , ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері сотпен шығарылмаған. Сондай-ақ, 253 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 135 шешім шығарумен, 46 сот бұйрығы болып табылып және 7 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралғанын айтты. Былтыр қаралған істің саны 278, ал 298 тұлғаға қатысты 298 әкімшілік іс қаралып, ал былтыр 364 әкімшілік іс қаралғанын баяндап берді.

Толығырақ...

Көкпекті ауданы прокуроры Бақытбек Батанұлы Қарымсақов 2017 жылдың 11 қаңтарында Самар және Көкпекті округі тұрғындарымен өткен кездесуде «Прокурордың 100 кеңесі» атты мобильдік қосымшаның жарыққа шыққаны жайлы хабарлады.
- «Прокурордың 100 кеңесі» мобильдік қосымшасы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағдарланған. Жинақтың мақсаты – түрлі құқықтық жағдайларға тап болған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сол уақытта өзін қалай ұстау керектігін, өз құқықтарын, жақындарының мүдделерін қалай қорғау керектігін көрсету. 9 тараудан тұратын кітаптан күнделікті өмірде әртүрлі мәселелер туындаған сәттерден қалай дұрыс шығу туралы кеңестер қамтылған. Мәселен, отбасындағы, бизнестегі қарым-қатынастар, өзіңді алаяқтардан қалай қорғау қажет, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, шағым беру тәртібі, терроризм мен экстремизм туралы нені білу керек, құқыққорғау және сот органдарының өкілдерімен өзіңді қалай ұстау қажет екені туралы білуге болады, - деді Бақытбек Батанұлы.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз