Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық туралы акт қабылданды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері осымен тоғызыншы рет рақымшылық жарияланып отыр. Елімізде Рақымшылық туралы актіні Парламент шығарады.
2016 жылдың 14 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жарық көрді.
Бұл Заңда қылмыс жасаған адамды жазадан босату, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту, қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді тоқтату көзделген.


Заңның орындалуы алты аймен шектелген. Сол себепті қылмыстық қудалау органдары қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша, орташа қылмыстар бойынша заңда белгіленген адамдар категориясына қатысты барлық қылмыстық iстер және соттар қарамаған істер бойынша іс жүргізуді тоқтатуға тиіс.
Пробация қызметтері сотқа жазаны одан әрі өтеуден босату туралы, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынымдарын жолдау тиіс.
Осы рақымшылық туралы актінің күші барлығына бірдей қолданбайды. Мысалы, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға, террористік, экстремистік қылмыстар, азаптаулар жасаған адамдарға, қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалғандарға, өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған, бұрын рақымшылық жасау немесе кешiрiм жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға, қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға және Заңда көрсетілгенбірқатар қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды. Бұндай адамдар қоғам үшін қауіпті.
Рақымшылық - бұл кешірім. Мемлекет қателік жасаған адамның алдынан шығып, оған түзелуге тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Оны түсінген адам түзеледі деп үміттенеміз.

А.Әмреева,
Көкпекті ауданының № 2
аудандық сотының судьясы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз