Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті етіп қойып, мәселені күн тәртібәне жиі шығаратын болады. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл жүйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде еліміздің көшбасшылық жағдайды иеленіп отырғаны кездейсоқ емес. 1998 жылы Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң-ды бірінші болып қабылдады, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттары белгіленді. Оның жүзеге асырылуына 17 жылдай уақыт өтті. Содан бері заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар еңгізіп, заман талабына сай күресудің жаңа жолдары қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы ұлттық қауіпсіздік органдарына, дәстүрлі міндеттерін шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери өызметкерлерге, прокурорларға, құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы күреске барлық күштерін жұмылдыруды міндеттеді. Ел басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске беталысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мүделерді қорғау.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және қылмысты ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауақа тату арқылы мемлекеттік органдардың, мем-лекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және өзге де тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету.
Республиканың заңнамасында осы заңда алғаш рет сыбайлас жемқолық пен құқықбұзушылыққа заңдық ұғым ретінде анықтама беріледі, олардың субьектілері айқындалады. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары тұжырымдалған, олардың ең бастысы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеушілік болып танылады. Заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен, құқықбұзушылықпен және ол үшін жауаптылық шаралары арнаулы таратуда тұжырымдалған. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегия-сын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру мақсатында 2001 жылғы 5 қаңтарда 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің екінші мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама алдыңғы бағдарламаның логикалық жалғасы болып, сыбайлас жемқорлықты әсіресе экономика саласындағы сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды айқындаудың және жолын кесудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шараларды көздейді.
Президент Н.Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламаларын ұсынды, онда сыбайлас жем-қорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру күрестігіне баса назар аударады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыннан өткен шараларды тұжырымдау жөнінде қоғам мен мемлекет арасында өзіндік көпір бола отырып, осы функцияны «Нұр Отан» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде қоғамдық кеңес құрылған. Сөйтіп, қорыта келе айтатынымыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекет жүргізген жүйелі және дәйекті саясаттың арқасында бірсыпыра оң нітижелерге қол жеткізілгені байқалып отыр.
Сыбайлас жемқорлық - бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез-келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Д.Баймакулов,
Өскемен гарнизоны әскери
сотының төрағасы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз