Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының кеңсе қызметкерлері арасында жаңадан қабылданып, 2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бойынша семинар өткізілді.
Семинарда кеңсе бас маманы Н.Сағалова «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының талаптары» тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынына және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қоятын жоғары талаптарға кеңінен тоқталды.
Семинарды кеңсе меңгерушісі Л.Құнанбаева қорытындылай келіп, аталған Әдеп кодексі - халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын айта келіп, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға және көрсетілген барлық талаптарды сақтау қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Семинардың соңында қатысушылар оқылған баяндама бойынша өзара пікір алмасты.
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз