Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық кризис қаржы пирамидалары қызметінің белсенділігінің артуына түрткі болады. Олардың ерекшеліктері сол, құйылған инвестицияның кірісі әрбір қосылуы ықтимал жаңа салымшыға өзге де жаңа салымшыларды және ақша қаражатын тарту есебінен төленеді. Салымшылардың бастапқыларына кейінгі қатысушылардың есебінен көп табыс төлеуге уәде бере отырып, ақша қаражатын салуға итермелейді. Осылайша, пирамиданың «төменгі» жағындағы көптеген адамдар жоғарыдағы азшылыққа ақша төлейді және олар әдетте ешнәрсесіз қалады.
Бірақ, қаржы пирамидасы жосықсыз жарнамалау көмегімен сырттай қарағанда елеулі кепілдіктері бар сенімді жоба болып көрінеді.
17.01.2014 жылы ҚР Бас прокуратурасымен дайындалған «Кейбір заңнамалық актілеріне қар-жы (инвестициялық) пирамидаларының қызме-тіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзге-рістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Осы Заңда қаржы пирамида ұғымы түсін-дірілген және де қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық еткені үшін қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Респу-бликасының Қылмыстық кодексінің 217 бабы), қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызме-тiн жарнамалау үшін әкімшілік жауапкершілік (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150 бабы) көзделген.
Осыған байланысты, қаржы пирамидалары қызметімен кездескенде құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.
А.Утегенов, Көкпекті аудандық
прокуратурасының прокуроры

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз