Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы аптада Көкпекті аудандық сотында 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді. Жиын барысында аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерден хабардар етті.
- Атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, 6 ай ішінде 24 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 15 тұлғаға қатысты 11 үкім шығарылды. Былтырғы жылдың аталған кезеңінде 14 тұлғаға қатысты 14 қылмыстық іс қаралған болатын. Яғни, биыл 30 пайызға артық деген сөз. Сот тарапынан ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері шығарылған жоқ. 150 азаматтық іс қаралып, 75 шешім шығарылды, оның 27 сот бұйрығы болып табылады. 3 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралды. 2015 жылы қаралған істің саны 141 (6 пайызға артық), биылғы мерзімде 157 әкімшілік, ал былтыр 210 әкімшілік іс қаралған болатын. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 25 пайызға азайғанын білдіреді, - деп атап өтті Әділ Бақытбекұлы.


Аталған мерзімде Көкпекті аудандық соты-ның шешімімен 43 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде қылмыстық істер-4, азаматтық істер – 30 және әкімшілік істер саны – 9. Ол жалпы сотпен қаралған 327 істің 13,1% құрайды. Сот төрағасы ауданымыздың барлық ауылдық округтерінің тұрғындарымен «Медиация туралы» заңды насихаттау мақсатында дөңгелек үстел, тұрғындармен кездесу іс – шараларын өткізді. Сәуірдің 24 күні аудандық әкімшілікте татуласу рәсімдері аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар аталған меморандумды даулы жағдайларды татуластыру рәсімдерін өткізу арқылы азайту мақсатында және халық арасында медиация рәсімін насихаттау мақсатында бекіткен болатын.
Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен аза-маттық тәртібінде қаралатын 152 арыздың 148 арызы аталған сервис арқылы түскен, ол 97,4% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстарының дыбыс-бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалара арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін және ол үшін сот кеңсесінде анкетаға арналған жәшік орнатылғанын айтты. Ағымдағы жылдан бастап "Сот кабинеті" сервисінің жаңа мүмкіндігі «Сот органына хатты жіберу» механизмі іске асырылғанынан да құлағдар етті.
Сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы БАҚ-пен тұрақты негізде жұмыс жасалатынын ескере отырып, ағымдағы мерзімде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мақала, 14 хабарландыру, облыстық соттың сайтында 27 баспасөз релизі жарияланғанын айтты. Судьялар мен сот мамандарына қатысты бұқарлық ақпарат құралдарында қандайда бір келеңсіз жарияланымдар орын алмағанын да айта кеткеніміз жөн.
Сонымен қатар, 2016 жылы сот жүйесімен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында көрсетілген міндеттемелерді орындау мақсатында судьялар корпусымен жаңа судья әдебінің кодексі құрылып, 2016 жылдың қазан айында өткізілетін кезектен тыс VII судьялар съезінде қабылданатынын атап өтті Әділ Бақытбекұлы.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз