Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз - еліміздің Конституциясы қабылданып, бұл күн «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Осылайша, Республика Конституциясының күні - барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамға айналды. Ата Заңымыздың назар аударатын басты ерекшелігі - бұған дейінгі конституциялар өкілдік органдар арқылы қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданды, осылайша еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп берді. Еліміздің басты Заңы туралы №2 аудандық соттың судьясы Альмира Юрьевна Танабаева әңгімелеп берді.
- Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ең жоғарғы заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқықтық жүйенің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Ол - ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі, саяси-құқықтық төлқұжаты.


Ата Заңның 1-тармағында «Қазақстан өзін ең қымбат қазынасы - адам және азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға мүмкіндік береді.
Ата Заңымыздың 2-бөлімі «Адам және азамат» деп аталып, адамның және Қазақстан Рес-публикасы азаматының табиғи құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылды. Осы ретте Конституциямызбен бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына назар аударғым келеді. Әлбетте, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс. Әркiм өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы. Сондай-ақ, әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. Конституциямыздың 16-бабы әркiмнің жеке басының бостандығына құқын жария етті. Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады. Конституциямыздың 17-бабында «адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды» делінген. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жа-сауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Ата Заңымыздың 18-бабы «әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқын» паш етті.
Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдер мен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Сонымен бірге, Ата Заңымыз сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк бередi. Цензураға тыйым салынады. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез-келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мә-лiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi. Ата За-ңымыз «әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқын» бекітіп берді. Сондай-ақ, әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқын жария етті. Ата Заңымыз әркiмнiң тынығу құқығына кепілдік береді. Әркім еңбек шарты бо-йынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа құқылы. Сонымен бірге, Ата заңымыз азаматтардың тұрғын үйге құқына кепілдік береді. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасалады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi.
Ата Заңымыздың 27-бабы «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады» деп жария етті. Бұл ретте, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Ал, кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабымен «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде оған ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы. Ата Заңымызда азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi. Азаматтың мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар. Мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етiп қояды. Сонымен қатар, Ата Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтарын пайдалану құқығын бекітті.
Назар аударатыным, Ата Заңымыз азаматтарына құқықтар мен бостандықтар белгілеумен қатар, бірқатар міндеттер жүктейді. Ең алдымен, әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi. Заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрі мiндетi болып табылады. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға және табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылады. Халық өзі қабылдаған заңын құрметтеп, қастерлеуі керек. Заң жақсы жұмыс істеу үшін, оны бұлжытпай орындау күнделікті дағдыға, әдетке айналуы керек. Біздің Ата Заңымыз дүниежүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Негізгі Заңға құрметпен, құнттылықпен қарау - біздің ортақ парызымыз.
Жазып алған: Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз