Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Отбасын қолдау апталығы» республикалық акциясы көлемінде Көкпекті ауылының «Шуақты шұғыла» балабақшасында «Менің әжем керемет» атты сайыс өтті. Сайысқа осы балабақшада тәрбиеленушілердің әжелері Рыскүл Салықова, Гүлсара Тоянкенова, Нағима Құсманова, Жәния Елеусізова, Екатерина Нещавли қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Немерелерін тектілікке ғана баулитын қасиетті әжелеріміз алғашқы кезекте «Тегін білу тектілік» - деген турда өздерін таныстырып, шешен де көркем сөйлеудің үлгісін көрсетті. «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақшабаева төрағалық еткен әділ қазылар бұл кезеңде бірауыздан Рыскүл Салықова жеңді деп шешті. Одан кейін мақал-мәтел айтыста – Гүлсара Тоянкенова, ән салуда Нағима Құсманова, сұраққа жауап беруде – Жәния Елеусізова, тамақ даярлауда ұлттық тағам лағман жасап әкелген – Екатерина Нещавли алда болды.

Толығырақ...

«Ұлы Дала елі» партиялық жобасы аясында, ардагерлер ұйымдары және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы арасындағы меморандумға сәйкес Көкпекті ауданының алыс ауылдары тұрғындарымен облыс орталығының жазушылары және өлкетанушыларының кездесуі өтті. Преображенка ауылы шалғайдағы елді мекен болса да мұнда – үш мұражай, екі кітапхана, Даңк мемориалы және «Естелік орталығы», мектеп, балабақша, аурухана бар. Осында орналасқан «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдық округті алға тартып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Бұл күні Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтің орталық алаңына келген жазушылар мен ақындар саны өте көп болды. Мұндай көп жазушылардың келуі бұрын-соңды болмаса да республикаға әйгілі төрт алыптың сапары елді қуантты. Олар елге танымал жазушылар Борис Щербаков, Геннадий Пуссепп, Наталья Матвеева, Ирина Каланчина еді. Кездесу керемет мерекеге айналды. Жазушыларды газеттен оқып, теледидардан көруден бұрын олармен етене араласу бір басқа екен. Шараны ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, «Естелік орталығы» және аудандық «Звено Алтая» әдеби бірлестігі мүшелері осындай кездесулердің тұрақты түрде өтетінін тілге тиек етті. Конституция күні мерекесі қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шара туралы айта келе, «Естелік орталығы» жетекшісі Таисия Шнайдер өз ойымен былай деп бөлісті:

Толығырақ...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ак-ционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 100 қыз-меткері спорттың 5 түрі бойынша сынға түсті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Азамат Есембуловтың айтуы бойынша, бұл жарыстың мақсаты- корпоравтік рухты көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау .

Толығырақ...

Біздің еліміздегі спорт күні мерекесі денсаулықты нығайтып, мақсаттарға қол жеткізуде көмектесіп, адамды шынықтыру сипатында өтетін мерекелік шара.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеу және 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының аясында 13 тамыз күні Самар ауылында аудан әкімінің жүлдесі үшін, спорт күніне арналған аудандық спартакиада ойындары жайдары және достық рухтағы көңіл күйде өтті.

Толығырақ...

Сан ғасырдан бері атадан балаға мирас етіліп келе жатқан ат баптау ісі ұлттық болмысымыздың сара-йын ашатын, қазақтың қанына біткен құндылығы. Кең даланың кербез жануарын тақымдап, киесін ұғынып, бағасын білгені қазақтың тектілігінің айғағы.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз