Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Отбасын қолдау апталығы» республикалық акциясы көлемінде Көкпекті ауылының «Шуақты шұғыла» балабақшасында «Менің әжем керемет» атты сайыс өтті. Сайысқа осы балабақшада тәрбиеленушілердің әжелері Рыскүл Салықова, Гүлсара Тоянкенова, Нағима Құсманова, Жәния Елеусізова, Екатерина Нещавли қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Немерелерін тектілікке ғана баулитын қасиетті әжелеріміз алғашқы кезекте «Тегін білу тектілік» - деген турда өздерін таныстырып, шешен де көркем сөйлеудің үлгісін көрсетті. «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақшабаева төрағалық еткен әділ қазылар бұл кезеңде бірауыздан Рыскүл Салықова жеңді деп шешті. Одан кейін мақал-мәтел айтыста – Гүлсара Тоянкенова, ән салуда Нағима Құсманова, сұраққа жауап беруде – Жәния Елеусізова, тамақ даярлауда ұлттық тағам лағман жасап әкелген – Екатерина Нещавли алда болды.

Сайыстың әр кезеңінде Тамерлан Тоянкеновтың әкесі Нұрлан Болатбекұлы басқаратын аудандық мәдениет үйінен арнайы келген көкпектілік қос бұлбұл – Күлшекер мен Бұлбұлдың әсем әндері құйқылжи төгілді. «Шуақты шұғыланың» керемет әжелерінің өнерлерін бағалай келе, мекеме меңгерушісі, ардақты ұстаз Сәуле Байтөлеуқызы бүгінгі республикалық акцияның алғашқы іс-шарасы мақсатына жеткенін айтып, ұжымына алғыс білдірді. Әділ қазылар шешімімен басжүлде Нағима Құсмановаға, екі бірінші орын - Рыскүл Салықова мен Жәния Елеусізоваға, екінші орын – Екатерина Нещавлиге берілсе, құрметті үшінші орынға Гүлсара Тоянкенова ие болды.
Бірлігі бекем, ынтымағы ұйыған мекемедегі өткен тағылымды іс-шараға ризашылығын біл-діре отырып, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақшабаева бүгінгі күні партия қатарын толықтырып отырған Бекбаева Гүлжанатқа партия билетін тапсырды. Осы сайысты мағыналы түрде өткізуге ат салысқан, «Отбасын қолдау апталығы» республикалық акциясы кезінде белсенділік та-нытқан тәрбиеші Риза Бековаға партияның алғыс хатын табыстады.
Ауласы гүлге толған, әсем ғимараты ауы-лымызға көрік беріп тұрған «Шуақты шұғыла» балабақшасындағы бір еңбек күні осындай салтанатпен аяқталып жатты.
Қ.Мәлікаждар,
«Нұр Отан» партиясы
Көкпекті аудандық
филиалының консультанты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз