Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Біздің еліміздегі спорт күні мерекесі денсаулықты нығайтып, мақсаттарға қол жеткізуде көмектесіп, адамды шынықтыру сипатында өтетін мерекелік шара.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеу және 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының аясында 13 тамыз күні Самар ауылында аудан әкімінің жүлдесі үшін, спорт күніне арналған аудандық спартакиада ойындары жайдары және достық рухтағы көңіл күйде өтті.


Мәдениет үйінде таңертеңнен бастап шахмат-дойбыдан турнир, тоғызқұмалақ сайысы өтіп жатты. Спорт модулінде волейбол жарыстары мен үстел теннисінен, ал балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде балуандар өздерінің күші мен шеберлігін сынасуда болды. Шағын футбол алаңында әуесқойларды еліткен ойын да тартымды өтіп жатты. Спортшылардың арасында бұл қызықты жарыстар түске дейін жалғасты.
Аудандық спартакиаданың ашылу салтанаты мәдениет үйінің орталық алаңында сағат 12.00-де басталды. Спорттық шараға ауданымыздың 17 округінен, тек 15 округ қатысып, Мариногорка және Биғаш ауылдық округтерінің спортшылары мерекелік шараға мүлдем келмеді.
Мерекеге арналған салтанатты шеруде Сарыбел (округ әкімі К.Сақуанова), Бастаушы (А.Отаршина), Шұғылбай (әкімі. Е.Қалдыбаев), Үлгілімалшы (әкімі М.Смағұлов) ауылдық округтерінің спортшылары әдемі де бірыңғай мерекелік спорт киімдерімен көзге түсті. Кейбір командалардың (Көкпекті, Белое, Тассай округ) басым көпшілігін мектеп оқушылары құрады.
Бұл күні республикалық, облыстық чемпионаттарда, аудандық турнирлер мен әр түрлі спорт түрлері бойынша біздің ауданымыздың атақ-даңқын шығарған, көпке әйгілі және танымал спортшылар есімі сахна төрінде мақтанышпен айтылды.
Біздің өлке өзінің аудан, облыс көлемінде даңқы шыққан спортшыларымен және олардың көптеген ізбасарларымен де белгілі. Олардың арасында Тауфик Хайбуллин еркін күрес бойынша облыс чемпионы, Алмас Мизамитов республикалық турнирдің күміс жүлдегері, самбо және қоян -қолтық ұрыстан облыс чемпиондары Серғазы Ерназар, Жәнібек Ризанов, спорт шеберіне үміткер, облыстық спартакиада жеңімпазы волейболшы Иван Яловой, еркін күрес бойынша спорт шеберлері Ермек Оңғарбаев, Динат және Данияр Мусиндер, қазақша күрес жүлдегерлері Қайырғазы Есімов, былғары қолғап шеберлері Михаил Иванченко, Мұқан Ахметов, Қанат Бонбаев, шахматтан облыс чемпионы Тұрарбек Байдәулетов, дзюдодан республикалық турнирдің жүлдегері Алдияр Қапсадықов, «Дархан» клубының көкпаршылары және басқалар бар.
Сондай-ақ, салтанатты шеруде халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегерлері Рахат Байсақалов, Зияш Еркебұлан, Әділжан Ақышев, Антонина Котляровская, Шыңғыс Мұха-метқалиев, Дарын Кеңесханов, Дамир Кеңесов, Ахмет Захариев, Мират Хоу-Цзон-лин, Динара Ғазизова, Мөлдир Өмірбекова, Дамир Жадышев, Ерасыл Құрманбаев, Еркебұлан Камалиев, Ислам Абылхайынов, Арман Уалхан, Қалибек Қалымбеков және басқалар өтті.
Біздің ауданымызда тарихи басымдықпен қалыптасқан спорт түрлері, яғни, волейбол, кикбоксинг, ат спорты топтары анықталды. Табиғи-климаттық жағдайдың қолайлы болуы және жат-тықтырушылардың біліктіліктерінің арқасында осындай жақсы нәтижелерге қол жетті. Біздің көрнекті жаттықтырушыларымыздың төккен тері мен шығармашылық еңбектерінің арқасында ауданның спорт тарихында алар орны ерекше. Мәселен, Ержан Нухаев, Бақыт Рахимов, Талғат Құсаинов. Қайрат Байжанов, Болат Исаев, Мұхит Тоқов, Ерлан Жұмажанов, Мейірболат Толқанбаев, Бекболат Рахимов, Даурен Данабеков, Руслан Шаиргазиндерді атауға болады.
ШҚО әкімі жүлдесіне ие болған 20-шы халықтық спорт ойындарының чемпиондары, біздің тамаша волейболшыларымызды мақтан тұтамыз. Бұл қарқынды және қызықты ойында олар алтын медальді тәжірибелі жаттықтырушылары Ержан Нухаев және Мұса Нұғуспаевтың басшылығымен жеңіп алды. Бұлар Әділет Такенов, Иван Яловой, Арман Зайнолдинов, Әсет Әбетаев, Жасұлан Маткаримов, Таңат Абдуашев, Мәди Жиенбаев, Иван Крюков, Ринат Бектаев, Кәрім Молдабаев, Азат Қожахметов, Денис Кривко сынды ойыншылар.
Бұл күні жоғары деңгейдегі жарыстарда қазақстандық спорттың туын көтеріп, аудан намысын қорғап жүрген жоғары санатты жандар – спорт ардагерлеріне деген құрмет ерекше болды. Олар спорттың дамуына үлкен үлес қоса отырып, бірнеше рет аудан, облыс, республикада жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген – Николай Вербицкий, Николай Керинцев, Геннадий Самохин, Қаршыға Тыныбаев, Болат Жадрин, Серік Тлебалдин, Александр Савочкин, Борис Бахтыбаев, Мария Чукотаева, Жұмағазы Лекеров, Алпыс Омарбеков, Тілеу Жапарқұлов, Олег Разживин, Түркістан Барбосынов және басқалар.
Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсі-мінде аудан әкімі Р.Н.Сағандықов барлық қатысушыларды спорт күнімен құттықтай келе денсаулық, спорт өткелдерінде сәттілік, шынайы жеңістер тіледі. Рамиль Нығметжанұлы спортшылардың аудандағы дене шынықтыру және спорт саласының дамуына, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге үлкен үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ, спорт ардагері Түркістан Барбосынов ыстық лебізін білдірді.

Келесі кезекте спортшылар, спорт ардагерлері аудан әкімінің алғыс хаттары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарыстың бас төрешісі С.Темірханов жарыстың өткізілу тәртібімен таныстырып өтті. Спартакиада өтіп жатқан барлық алаңдарда, мерекелік көңіл күй, ізгілік, өзара құрмет пен түсіністік орын тапқандай болды.
Футбол ойыны өтіп жатқан алаңда тартысты доданы тамашалаған жанкүйерлер мен көрермендердің қолдауы мен қиқуы алысқа естіліп жатты. Әдетте кездесудің нәтижелері финалдық ойындарда шешіліп, ең мықтылар мен төзімділер жеңімпаз атанады.
Жарыс қожайындары – самарлықтар келген қонақтардың жеңіс тұғырына көтерілуіне мүмкіндік бермеді. Жарыс нәтижесінде, Самар ауылдық округі бірінші орын алса, екінші Көкжайық, үшінші орынды Қ.Аухадиев округінің спортшылары иеленіп, жеңімпаздар дипломмен, ауыспалы Кубок және грамоталармен марапатталды.
Әйелдер арасында өткен волейбол ойыны өзінің нәзіктігімен және тартыстылығымен көрермендер мен жанкүйерлердің көзайымына айналды. Жарыс барысында Самар ауылдық округінің волейболшылары қарсыластарына дес бермей, жақсы ойын көрсетіп, бірінші орын алса, сарыбелдіктер екінші, көкпектіліктер үшінші орынды еншіледі.
Ал, ерлер арасындағы ойында бірінші орынды Көкжайық ауылдық округі, екінші орынға Қ.Аухадиев округі ие болып, үшіншіні самарлықтар алды.
Үлкенбөкендіктерге спорт ханшайымы - жеңіл атлетикадан тең келер ешкім болмады деуге болады, олардың әрбіреуінің жеке есептеріндегі ұпайлар ортақ қоржынға түсіп отырды. Екінші орынға Самар ауылдық округінің командасы лайықты болса, үшінші орынға жетуде теректіліктер көп күш-жігер жұмсады.
Балуандар кілемінде спортшылар ептілік пен шыдамдылық қырынан лайықты ойын көрсетті. Қазақ күресінен үлкенбөкендіктер көзге түсіп, олардан сәл артта Көкжайық және Тассай ауылдық округінің балуандары үштікті аяқтады.
Гір көтеруден ең мықты Самар ауылдық округінің спортшылары, екінші орында Бастаушы ауылдық округінің жігіттері, ал үшінші орын Көкжайық ауылдық округіне бұйырды.
Армрестлинг спорты аса қызықты және тартымды болып өтті. Бұл спорт түрі бойынша командалық есепте көкпектіліктер көш бастап, олардың ізін самарлықтар, содан кейін оларға бастаушылықтар қосылды.
Ұшатын шарлар мен ракеталардың дыбыстары теннисшілер ойынының тартыстылығының айғағы іспеттес болды. Бұл ойында 1 орынға Көкпекті шықса, екінші Самар, ал үшінші орын Құлынжон командасына тиселі болды.
Шахмат және дойбы турнирінде бақ сынасатындар да біршама болды. Бұл ойынның мән-мағынасын жетік білетін, ойынның әдіс-тәсілін жақсы меңгерген біліктілер ғана жартылай финалға өтті. Шахмат турнирінің нәтижесі төмендегідей болды. Бірінші орынға самарлықтар қол жеткізсе, екінші орынға көкжайықтықтар ие болды, ал үлгілімалшылықтар үшінші орынды місе тұтты. Дойбы жарысында Шұғылбай ауылдық округі спортшылары ерекше көзге түсіп, күміс медаль Палатцы ауылдық округіне, теректіліктер қола медальға ие болды.
Тоғызқұмалақ ойынында шұғылбайлықтардың шаңына ешкім де ілесе алмады десе болады. Олардан кейін Көкжайық округінің спортшылары, үшінші орынға үлкенбөкендіктер ие болды.
Жарыстың ұйымдастырушылары 20-шы аудандық спартакиадасына қатысқан Самар, Көкпекті, Көкжайық, Палатцы, Үлгілімалшы, Теректі, Қ.Аухадиев атындағы округтердің белсенділігін атап өтті.
Спорттық кездесулер соңында, жалпыкомандалық есеп бойынша 1-ші орынды Самар ауылдық округі, екінші орынды Көкжайық ауылдық округі, үшінші орынның тұғырына Шұғылбай ауылдық округі көтерілді.
2016 жылғы аудандық спартакиаданың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Спорт саласындағы жаттықтырушыларды, дене шынықтыру мұғалімдерін, спортшыларды, спорт мекемелері басшыларын және салауатты өмір салтыын ұстанатын қарапайым тұрғындарды Спорт күнімен құттықтаймыз!
Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, алға қойылған мақсаттарыңыз бен аңсаған армандарыңыздың орындала беруіне тілектеспіз!


Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз