Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкжота ауылының келіндері шетінен пысық. Олардың қолынан келмейтіні жоқ. Сонымен бірге өздері кереметтей ұйымшыл. Қайда той, қаза болса барлығы бірдей жүріп көмектеседі. Ауылда жастар көп, тіпті жаңадан үйленгендер бөлек шығатын бос үй де табылмайды екен. Сондықтан да, көпшілігі өздеріне үй салып алады. Кәмәш пен Ғалия Қоңқабаевтың ұлдары Жәлел мен келіні Элмира да ата-аналарының үйінің жанынан үлкен үй салып алып, бөлек шыққанда тұңғыштары бес жасқа таяп қалған еді.


Қоңқабаевтардың да үйіне келін болып түскен Элмираның аты ауылға қай жағынан да өнерлі деп шыға бастады. Ата-ене сыйлау өз алдына, қолынан қайыс тіліп, қамшы өру, ертоқым жасау мен құрылыстың барлық қырын білетін ұлдары Жәлелдің қосағы да өзіндей өнер-лі болып шыққанына қариялар да қуанды. Құрақтың неше түрін құрап, тоқыманы да бір кісідей білетін Элмира соңғы кезде мозайкамен қабырға көркемдеу деген өнерді меңгеріпті деп, ауыл бір күнде шу ете қалды. Жаңадан салынған үйілерінің алдыңғы қабырғасына судағы балықтар мен су жәндіктерін ұлу қабыршақтарынан және тас пен шөлмектің түбінен, иә кәдімгі арақ-шарап, сыра шөлмектерінің түбін сындырып пайдаланып жасаған. «Осы ауылдағы қоқыс төгетін жердегі шөлмектерді қап-қап қылып жиып әкелдік, тіпті жетпеген соң Ертіс жағасына барып жинайтын болдық», - деп күледі Элмира. Расында да осындай түрлі суреттерді бейнелесе үй қабырғасы да әдемі болып көрініп қана қоймай, жауын-шашынға да берік болады. Ауылдағы адамдардың барлығы да Элмираға жиі өтініш жасайды екен. Бірақ үйде де жұмыс көп, сондықтан олардан бас тартады. Тек былтырлар бір үйдің ас үйі мен моншасын әрлеп берген көрінеді. Онда қос қарлығашты бейнелепті.
- Менің анам тума шебер. Ол кісі алаша тоқу, сырмақ сырудан бастап неше түрлі киім тоқудың шебері болатын. Өмір бойы кітапханашы болған анамның бұл өнері төрт қызға да қонды десем артық емес. Төртеуміздің де жасауымызды анам өз қолымен жасады. Қазір анам сексенге таяп қалды, бірақ қолынан жібі мен бізі түскен емес, немерелері мен шөберелеріне арнап әйтеуір бір бұйым тоқып жатқанын көресің. Бірақ ішіміздегі ең шеберіміз – Құйғанда тұратын апа-йым Сәуле. Ол мектепте технология пәнін жүргізеді. Мына мозайканы да содан үйрендім, - деп ағынан жарылады Элмира Шамарбекқызы.
Күршім ауданының Жылытау ауылында туып, өскен Элмира мамандығы мұғалім. Өзі де екі қыз бір ұл тәрбиелеп өсірді. Ұлы үйленген, кішкентайлары бар. Сұлтаны да анасына тартқан шебер қолды келін түсірді. Қайын ененің топырағынан дегендей, Айзат та бізбен тоқу, бес инемен тоқу деген тоқыма түрлерін жақсы біледі екен. Осылайша өмірін өнерімен өрнектеп жүрген Эльмира екі қызына жасауды өзі жинап жатыр. Оның қолынан шыққан терме алаша, түрлі ою-өрнекті көрпешелер мен құрақтар қандай қыздың жасауына көрік берері сөзсіз.
Мозайкамен көркемделген бас қалқаның қабырғасына қос қарлығаш ұя салыпты. Оларға да осы үй иелерінің өздері сияқты өнерлі, жандар екенін білген болу керек деп ойладым.
Бастаушы ауылынан шығып ба-ра жатырмыз. Жолдың жиегінде бас-таушылықтар Бақытжан көлі немесе Әкімнің көлі (оның өзіндік тарихы бар) деп атайтын шағын көл бар. Жыл сайын бұл жерде жалғыз көк құтан жүруші еді, кейін сыңарымен келетін болды. Ал биыл көлдің басы қиқулаған қаз бен үйректен азан-қазан. Ауыл тұрғындары да оларды үркітпей, өздерінше жақсы ырымға балап, сырт адамдарға да тиіскізбейді екен. Осы жыл құстары өз ұрпақтарын көбейту үшін таңдауы өлкенің құтмекен екенін сезгендіктен болар дейді олар. Өрісі малға, отандары жанға толып, жыл са-йын бақуаттылықтары артып келе жатқан құтты мекен – Бастаушы.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз