Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1-21 шілде аралығында Көкпекті ауылында шағын футболдан аула командалары арасында балалар және жасөспірімдер лигасы өткізілген болатын. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінді. Жасыл алаңды жалынға толтырған ойынға барлығы 10 команда қатысты.


Жоғарғы топта «Шайжүнісов» командасы 1 орынға, «Қайрат» 2 орынға, ал «Заречка» командасы 3 орынға ие болды. Ал, ортаңғы топта ойнаған командалар арасында суырылып алға шыққан «Лестер» командасы болды, одан кейінгі 2 және 3 орындарды «Казкрай» және «Зенит» командалары өзара бөлісті. Кіші топта «Заречка» 1 орын, ал «ФСК Юнайтед» 2 орын иеленді. Жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен марапатталып, алдыңғылардың қатарынан көрінген ойыншыларға В.Виничук, С.Сұлтанова, А.Бойковтың демеушілігімен алтын, күміс және қола медальдар табысталды. Сонымен қатар, Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларына ие болды. Демеушілердің бі-рі Д.Дюсембаев «Үздік сұр-мерген» аталымының лау-реаттары Эмиль Гафуров («ФСК Юнайтед»), Самат Ерланов («Лестер») және Жанболат Мақсатовқа («Заречка») арнайы сыйлықтар мен атақты аяқ доп шеберлерінің формасын тарту етті. «Арлан» және «Жастар» командаларының ойыншылары аталмыш турнирге белсенді қатысқаны үшін марапаттау қағаздарына ие болды.
«Бір ай мерзімде ауы-лымыздың 80-ге тарта балалары мен жасөспірімдері ойынға қызығушылық танытты. Сайыс күндерінен тыс уақытта олар өздерін жаттықтыру мақсатында өзара достық матчтарын өткізді. Жас спортшылардың аяқ алысына бей-жай қарамай, демеушілік танытып отырған аудан кәсіпкерлеріне алғысым шексіз. Осы турнирдің өткізілгені ауданымыздың барлық ауылдарында спорттың дамуына өз үлесін қосып, әрбір ауылда осындай спортсүйер жастар өсетініне кәміл сенемін», - дейді ойынның бас төрешісі Б.Юсупов.
Иә, ауданымыздың жеткіншек спортшылары ертең-ақ әлем сахнасында еліміздің, туған ауданымыздың атын әйгілеп, мерейін асқақтатарына біз де сенеміз. Шынайы талпыныстары мен еңбектерінің арқасында алған жүлделеріне ризашылық танытып тұрған балалардың жүзіне қарап осылай деп ой түйдік.


Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз