Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Ұлы Дала елі» партиялық жобасы аясында, ардагерлер ұйымдары және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы арасындағы меморандумға сәйкес Көкпекті ауданының алыс ауылдары тұрғындарымен облыс орталығының жазушылары және өлкетанушыларының кездесуі өтті. Преображенка ауылы шалғайдағы елді мекен болса да мұнда – үш мұражай, екі кітапхана, Даңк мемориалы және «Естелік орталығы», мектеп, балабақша, аурухана бар. Осында орналасқан «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдық округті алға тартып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Бұл күні Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтің орталық алаңына келген жазушылар мен ақындар саны өте көп болды. Мұндай көп жазушылардың келуі бұрын-соңды болмаса да республикаға әйгілі төрт алыптың сапары елді қуантты. Олар елге танымал жазушылар Борис Щербаков, Геннадий Пуссепп, Наталья Матвеева, Ирина Каланчина еді. Кездесу керемет мерекеге айналды. Жазушыларды газеттен оқып, теледидардан көруден бұрын олармен етене араласу бір басқа екен. Шараны ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, «Естелік орталығы» және аудандық «Звено Алтая» әдеби бірлестігі мүшелері осындай кездесулердің тұрақты түрде өтетінін тілге тиек етті. Конституция күні мерекесі қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шара туралы айта келе, «Естелік орталығы» жетекшісі Таисия Шнайдер өз ойымен былай деп бөлісті:


- Ауылдық округ әкімі Дәурен Қойгелдинмен келісе отырып, мерекені өткізудің дәстүрлі форматын кездесу түріне өзгерттік. Қонақтарды Естелік орталығында қарсы алып, таныстырғаннан кейін олар Преображенка ауылының көрнекті жерлерімен танысты. Жазушылар мен ақындарды ауылдық мұражайда Преображенка орта мектебінің оқушылары, мұражайдың экскурсоводтары Юлия Пономарева, Людмила Клец, Аружан Ерназарова қарсы алып, мұражай жәдігерлері туралы толықтай баяндады, – деді.
Мерекеге арналған салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашқан ауылдық округ әкімі Дәурен Қойгелдин:
- Бүгін сіздерді Конституция күнімен құттықтай отырып, ауылымызға келген қонақтарға қош келдіңіздер деймін. Ата Заңымыздың 21 жылдығында еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Бұл табыстарды өзіміздің ауылдың келбетінен және ауыл тұрғындарының тұрмысынан көруге болады. Ата Заңымыздың әрбір бабы Қазақстан Республикасы азаматтарын қорғайды және олардың қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді. Мереке құтты болсын, жерлестер! - деді.
Бұдан кейін ауылдық клуб меңгерушісі Айдын Хұмырбектің басшылығымен ауыл өнерпаздарының концерті басталды. Қонақтар мен көрермендерді Гүлмира Тұрлыбекова басқаратын «Өрнек» балабақшасының үш жасар тәрбиеленушілері «Танец грибов» және «Батырлар» биімен таң қалдырды. Көркемөнерпаздардың ойын-сауығы кездесуге келген ақын-жазушылардың сұхбатымен алмасып отырды. Бірінші болып сөз алған Кенді Алтай ақындарының мэтрі Геннадий Пуссепп болды. Ол өз өлеңдерінде халықтар достығы мен бірлігін жырлады. Сөз аяғында осы кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс айтып, «Өлке тарихи мұрасын сақтауға қосқан үлесі үшін» «Естелік орталығы» жетекшісі Таисия Шнайдерге және өлкетанушы Қайрат Малғаждаровқа «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің дипломын тапсырды.
Келушілер Өскемен, Ханой қалаларының құрметті азаматы Борис Васильевич Щербаковтің сөзін асқан ыждаһатпен тыңдады. Ол оқырмандарға өзінің «Лик земли», «Житель лунных тугаев», «Ожившие реликты», «У озера звенящих колоколов», «Птицы за окнами», «Купите себе попугая» кітаптарымен таныс. Ол өзінің экспедициялық сапарларында Шығыс Қазақстанды түгел аралады. Қарағайлы Үбі, жартасты Үлбі, алып толқынды Бұқтырма, асау Күршім, түңғиық Қара Ертіс қойнауларын жаяу шарлап, 50 мың шақырымнан астам жер кезді. Борис Васильевич аралаған Үбі, Қалба, Нарын, Тарбағатай тау жоталарында оның ізі сайрап жатыр. Көкпекті ауданы аумағында Зайсан көлінің жағалауын, Бөкен құмдарын толық зерттеген. Аңыз адам көп сөйлемеді, ол өзі қызығушылық танытқан Преображенка ауылының архитектуралық ескерткіштері мен ауыл мұражайының артефактары туралы айтты.
Жиналғандар алдында сөз алған Ирина Каланчина Преображенка ауылының тарихын кітап етіп шығаруға демеушілік жасайтынын жеткізді.
Наталья Матвеева өзінің алғашқы «В моем необъятном теле хранится хрупкая душа» деген сөздерімен көрермендер қошеметіне ие болды. Оның махаббат және сенім туралы өлеңдері тыңдаушыны баурады. Наталья Семеновнаның туған жер туралы өлеңдері әркімнің жадынан жүрегіне жетті. Сөзін аяқтай келе жергілікті «Звено Алтая» бірлестігіне оң баға беріп, ақын Қайрат Малғаждаровқа 153-ші нөмірлі «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелік билетін табыстады.
Кездесу өз мәресіне жетті. Оның мақсаты орындалғаны аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы, «Нұр Отан» партиясының байырғы мүшесі Сләмбек Мұқашевтің және самарлықтар - ауданның ардагер орманшысы Нүрилә Чалова мен медицина қызметінің ардагері еліміздің 1000-нан астам азаматтарының кіндік шешесі болған акушер Лидия Клейнің пікірлерінен білініп тұрды.

Қайрат Бесбайыс,
«Нұр Отан» партиясы
Көкпекті аудандық филиалы консультанты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз