Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпектілік жас әнші, Ж.Шайжүнісов атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Бақдәулет Мұрат Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында 11-12 шілдеде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығына арналған жасөс-пірімдердің «Достық» ән фестивалінен 1 орын алып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Дипломы және «Достық» медаліне ие болды. Ал, әншілік өнерге бейім ұлы Бақдәулетті баптап, бәйгеге қосып жүрген әкесі Қанат Бекмолдин Халықаралық ұстаздар Одағының алғыс хатымен және медалімен марапатталды. Аталмыш байқауда көкпектілік ақын Қалыбай Алтынбаевтың сөзіне Аққазы Бозақанов әнін жазған «Өркендей бер, Қазақ елім!» атты патриоттық рухтағы әнді шеберлікпен орындаған балғын өнерпаз, сонымен бірге, туған еліне деген сүйіспеншілігін «Мой Казахстан» әнімен де жеткізді.


Тісқаққан мамандардың сынынан мүдірмей өтіп, халықаралық дәрежедегі өнер додасында топ жарған Бақдәулет жүлденің қатарын әлі толықтыратынын айтады. «Сахнаға бірінші болып шыққанда қобалжығаным рас. Алайда, маған сенім артып отырған адамдардың қолдауы менің жігерімді жаныды. Сөйтіп, әнді абыроймен орындап шықтым», - дейді ол. Әкесі Қанаттың айтуынша, талай өнер майталмандарының талабын ұштап, жаңа есімдер ашқан жас орындаушылардың осындай өнер бәйгесі тәжірибе жинауға, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, қатысушыларға сахнада өзін-өзі ұстау бойынша шеберлік дәрістері өткізілетін үлкен мектеп.
Айта кетсек, Бақдәулет 19 мамырда Семейде өткен халықаралық «Бейбітшілік әлемі» атты ән байқауында да ерекше дайындықпен тартысқа түсіп, 1-орынды жеңіп алған еді. Қырғызстандағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп, аудан атын әйгілеп келген Бақдәулеттің ата-анасы демеушілік жасаған ауылдастары М.Жакупов, Б.Бекбердинов, В.Ви-ничук сынды қолы ашық азаматтарға алғыс айтады.
Келешекте әлі талай байқауларда бақ сынайтын жас әншінің дүбірлі топтарда оза шабатыны даусыз. Жеңісің құтты болсын, Бақдәулет! Өнер аспанында қыран құстай самғай бер!


Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз