Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сан ғасырдан бері атадан балаға мирас етіліп келе жатқан ат баптау ісі ұлттық болмысымыздың сара-йын ашатын, қазақтың қанына біткен құндылығы. Кең даланың кербез жануарын тақымдап, киесін ұғынып, бағасын білгені қазақтың тектілігінің айғағы.


Ұлт данасы Абай Құнанбаев «Шоқ-пардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ» деп бірнеше жолда аттың сынын тамаша келістірген. Нағыз жүйрікті құлын кезінен танып, келістіріп баптау кез келгеннің қолынан келе бермес нағыз азаматқа тән іс. Тассай ауылдық округіне қарасты Үшкөмей ауылының тұрғыны Дидар Сләмов баптаған Найманқасқа деп ат қойып, айдар тағылған жүйрік шілде айында Зайсан ауданында өткізілген Аламан бәйгеде оза шауып, тұяқтыға жеткізбеді. Аттың ғана емес атбегінің де сынға түсетін ша-ғында сайгүлік иесін жерге қаратқан жоқ, бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды тізгіндетті.
Жалпы, 32 тұлпар бабы мен бағын сынаған дүбірлі доданың қашықтығы 30 шақырымды құ-рады. Қос құлағын қайшылап, құйрық-жалын шарт түріп құтырынып бәйге алаңына шыққан тұлпарлардың тұяғының дүбірі қаны қызып, делебесі қозып атойлап тұрған халықтың жү-ректерінің дүрсілімен астасып кеткенде жүйрік пен адамның жаны бір дерсің. Әр шақырым сайын шабысынан шабыт алып, тұяғы жерге тіктеп тиген кіл жүйріктің ішінен суырылып шыққан әңгімеміздің арқауы болып отырған Найманқасқаны тақымдаған Мирас Мұхтаров. Жануардың күші, қай шақырымда жылдамдығын қалай ұстау керектігін бағамдаған 10 жасар шабандоз аттың құлағында ойнайтын шебер екені анық. Бір асуды бағындырған тұлпарды алда тағы бір сын күтіп тұр. Енді жүйрікті ағымдағы айдың 6 күні Аягөз қаласында Шынқожа батырға арналып өткізілетін бәйгеге жаратпақ.
Дидардың бұдан басқа 2 бәйге аты бар. Барлығы да таза қанды ағылшын аттары. Сонымен қатар, Дидар Сләмов ықылым заманнан келе жатқан ғұрпымыздың жібін жалғап, төл дәстүріміздің тұнығын лайламай бүгінге жеткізіп отырған отбасындағы жалғыз жан емес екенін айта кетпесек болмас. Әкелері Заман 20 жылдай жылқы баққан еңбек адамы. Содан болар, бала кезінен жануарға жақын жүріп, қыр-сырын әбден меңгерген үйдің үлкен ұлы Азамат Сләмов те бүгінде ат баптап, жүйрік жаратып отыр. Айта кетер болсақ, Наурыз мерекесінде ауылда өткізілген аударыспақ ойынында алғашқы екі жүлделі орынды осы екі азамат иеленген. Ал аттың сыны бо-йынша сайысқа келгенде бабы мен сәні қатар келген Найманқасқаны қатыстырып, Дидар Сләмов тағы да бас жүлдені қанжығалаған болатын.
«Аударыспақ, көкпар, теңге алу сияқты ұлттық спорт ойындарына қатысып, одан да жүлдесіз оралған емеспіз. «Жігіттің сорлысынан жылқының жолдысы артық» деген сөз бар емес пе. Жылқыға тек жануар деп қараған болмас. Ол иесін адамнан артық түсінеді. Сенімді серігің бола біледі. Ата-бабаларымыздың оны киеліге балауы осыдан болар. Ұлттық құндылығымызды дамыту әр қазақ азаматының абыройлы міндеті. Ат баптау өнерін кәсіп қылғанымның себебі осы», дейді Дидар. Иә, бұл сөзбен барлығымыз да келісеміз. Олай болса, қазақтығымыздың қаймағын сақтап отырған Дидар Сләмовке тұлпарың тұяқтыдан қалмасын, бөркіңді аспанға ататын жүлделі күндерің көп болсын демекпіз.


Жансая ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз