Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өлкеміздің басты байлықтарының біріне саналатын балықтың уылдырық шашатын уақытына орай облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерінде сәурдің 16-нан мамырдың 30 аралығында балық аулауға қатаң тыйым салынады.
Осы тыйым салу уақытында Көкпекті инспекция бөлімінің мемлекеттік инспекторлары уақытпен санаспай, ауа райының қолайсыздығына қарамай, балықтың уылдырық шашуына барлық жағдай жасап, күндіз-түні еңбек етеді. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, Тарбағатай және Көкпекті ІІБ бірлесіп, жұмыс жоспары жасалып, бекітіліп, рейдтер өткізіледі.

Толығырақ...

Полиция қызметкері – қоғамдық тәртіптің басты сақшысы. Сол сала маманы болуы үшін – ең алдымен физикалық тұрғыдан мықты, жүйкесі берік, шапшаң әрекет ете алатын, барынша адал әрі психолог болуы тиіс. Қойылатын талаптардың да үдесінен шығу оңай болмасы анық. 

Осындай қажыр-қайратты қажет ететін мамандыққа өмірін арнап жүрген жанның бірі – Жасұлан Болатбекұлы Разаев. Ол 1988 жылы наурыздың 7 жұлдызында Семей қаласында дүниеге келген. Жасұланнның туған жері Семей қаласы болғанмен, балалық шағы өскен ортасы Шұғылбай ауылы. Жасұлан Болатбектей әкенің тәрбиесін және Кайрниса ананың аяулы алақанында өсіп жетілді. Отбасында 3 баланың кенжесі. Ауылдағы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті 2005 жылы тәмамдаған соң, 2005-2007 жылдары Семей қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің «Семей Заң» колледжін аяқтайды. Жасұлан алғашқы еңбек жолын Тарбағатай ауданы Ішкі істер бөлімінде бастайды. Алғашқы еңбек жолында жұмысқа үйреткен аға-апайлары Гүлназ Жеңісқайырқызы мен Қайрат Тергемісовты Жасұлан мақтанышпен еске алады. Ол жақта 2007-2011 жылдар аралығында еңбек етіп, 2011 жылдың қазан айында Көкпекті ауданына ауысып келеді. Қазір Көкпекті ауылының жергілікті полиция қызметі бөлімінде учаскелік полиция инспекторы, полиция мойоры. Отбасында Балжан есімді қыздың сүйікті жары, Арайлым, Ерасыл, Нұрасыл есімді балаларының ардақты әкесі.

Толығырақ...

Самар ауылы - ауданның ең ірі және халқы өте тығыз орналасқан ауылдарының бірі. 01.04.2020 жылы Самар ауылдық округіндегі тұрғындар саны 6726 адамды құраса, аула саны 2139 болды.

Округ облыстық маңызы бар жолдың бөлігінде орналасқан. Халықтың үлкен ағыны Өскемен қаласы мен Қазақстанның басқа қалаларынан және бағыт бойынша облыстың басқа аудандарынан келеді.

Толығырақ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар мен азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өспеуін және тапшылығы болмауын ұдайы назарда ұстауы қажеттігін міндеттеді. Президенттің осы тапсырмасын орындау және Көкпекті ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды асыруға жол бермеу және бағалардың өсуін тежеу бойынша жедел штаб құрылды. Бүгінде аудан әкімі Асхат Смаиловтың тікелей бақылауымен сауда нысандарында баға мониторингі тұрақты түрде жүргізілуде.

Құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Раушан Кемербаева, депутаттар Гүлнар Қасымжомартқызы мен Қажет Жүнісбекұлы, учаскелік полиция инспекторы Жасұлан Разаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мерей Смағұлов, бас санитарлық дәрігер Гүлмира Абдрасулова бар жедел штаб мүшелері аудан орталығы, Самар және де барлық ауылдардағы сауда нысандардағы бағаны бақылау жұмыстарына қызу кірісіп кетті.

Толығырақ...

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» аясында Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің мектебінің 10 сынып оқушыларына сот жүйесінің жұмысымен таныстыруға арналған кездесу өткізілді.
Кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева іс-шараны аша отырып, оқушыларға соттың негізгі қызметі туралы электрондық әділ сотының жұмыс істеу тәртібі туралы мәселені түсіндірді. Сонымен қатар, сотта іс жүргізуді жеңілдеткен және әділ соттылықты жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігін жоғарлатқан жаңа өзгерістер туралы айтты. Бұл, сот базасын автоматтандырудың артықшылықтары және «Төрелік» бағдарламасын енгізу, барлық сот отырысында дыбыс, бейнежазбасымен міндетті түрде жүргізу, «Сот кабинеті» порталын құрудың оң нәтижелеріекендігін атап өтті.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз