Есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Көкпекті орта мектебінде аудандық білім және полиция бөлімдерінің бірлесуімен «Спорт есірткіге қарсы» атты көңілді старт ойыны өткізілді. Бұл спорттық сауықтыру шарасына осы мектептің 5-сынып оқушылары қатысты.
Спорттық іс шараның мақсаты - жастар мен жасөспірімдерді зиянды, келеңсіз заттардан спорт арқылы алдын алу, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, құқық бұзушылықты болдырмау, достық қарым-қатынастарын нығайту болып табылады.
Спорттық жарыстың ашылу салтанаты мемлекеттік әнұранның шырқалуымен басталды. Командалар түрлі ойындары арқылы өзара сайысты.
Шара соңында аудандық полиция бөлімі жеңіске жеткен әр командаға сыйлықтар мен мадақтамалар табыс етті. Акция кезінде барлық қатысушыларға арнайы логотипі бар футболка мен бейсболкалар, нашақорлыққа қарсы буклеттер және басқалары таратылды.
Мемлекетіміз осы бір жаһандану заманында көркейіп, өркениетті әрі жоғары сатыда дамуы үшін елімізге сауатты да білімді, отансүйгіш, патриот азаматтарын тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі.
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті.
Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сыбайлас жфемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда, қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Президент қолдаған саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданды. Халықтың және басқа елдердің Қазақстанға беріп отырған сенімін ақтау үшін барлық шаралар жасалуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – олардың ішінде ең маңыздыларының бірі. Ендеше, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.
Бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Ол үшін ең бастысы, мемлекеттік қызметшілер бойында отансүйгіштік қасиеттері қалыптасқан, туған жері мен елі үшін қалтқысыз қызмет ететін жоғары парасатты тұлға болуы шарт. Сонда ғана, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы экономикасы мықты, халқы бай, бақуатты, азаматтарының тұрмысы жоғары елге айналады. Сондықтан да алға қойылған мақсат-міндеттерді мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам бірлесіп атқаруы қажет. Бірлік – түбі береке екендігін естен шығармай, бірлесіп қамал алатын кезең келіп жетті.
Е.Сарсенбаев,
ҚР АШМ ВБжҚК Көкпекті ААИ басшысы
Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) - мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты мемлекеттік қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес тәртіптік жаза жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметші елеусіз теріс қылық жасаған жағдайда, егер жазбаша түсініктемеде ол осы теріс қылық жасау фактісімен келіссе, онда уәкілетті тұлғаның қызметтік тергеу жүргізбей-ақ ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға құқығы бар.
Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші өзінің жазбаша түсіндірмесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда уәкілетті тұлғаның бұйрығы бойынша Қағидаларда айқындалған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеу жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері не уәкілетті лауазымды адамдарға жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге кедергі болып табылмайды.
Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің оны жасау мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті айқындау мақсатында оның тәртіптік теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет болып табылады.
Қызметтік тергеп-тексеру уәкілетті адамның актісімен (бұйрығымен) тағайындалады және оны персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы акт шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт (бұйрық) болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуге жол берілмейді.
Қызметтік тергеп-тексеру барысында персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не уәкілетті лауазымды адамдар теріс қылық жасау мән-жайларына және тергеп-тексерудің өзге де негіздеріне қатысты барлық материалдар мен мәліметтерді жан-жақты және толық жинайды және тиісті дәлелді қорытындысы бар материалдарды тәртіптік комиссияның қарауына ұсынады.
Тәртіптік комиссия уәкілетті тұлғаның актісімен қалыптастырылады және төрағадан, мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан құрылатын комиссия мүшелерінен тұрады. Төрағаны қоса алғанда, Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы тиіс және комиссия құрамы мемлекеттік органның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен тұруға тиіс.
Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер ол комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілсе және аталған материалдармен отырыс өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын танысса, оған қатысты тәртіптік жауаптылық қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қатысуынсыз өтуі мүмкін.
Тәртіптік теріс қылық жасағанын растайтын фактілер болған жағдайда, Комиссия уәкілетті тұлғаға жаза қолданудың орындылығы мен жаза түрі туралы ұсынады.
Тәртіптік жаза уәкілетті тұлғаның бұйрықтарын, өкімдерін шығару арқылы қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы актіде жаза қолданылатын адам, жасағаны үшін жаза қолданылатын теріс қылық және жаза түрі көрсетіледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тәртіптік жаза қолдану туралы актіні (бұйрықты) тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына және танысу үшін мемлекеттік органның басшылығына жібереді.
Е.М. Айқымбеков,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының
орынбасары
2023 жылдың 8 айында аудан аумағында 3 жол-көлік оқиғалары орын алып, соның ішінде 3 адам қаза тауып, 5 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Осыған байланысты аудан аумағында жол-көлік оқиғаларын төмендету, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 2023 жылдың 10 тамыз және 10 қыркүйек айы аралығында Көкпекті ауданы аумағында «Қауіпсіз жол» облыстық жедел – профилактикалық іс – шарасы өткізілуде. Осыған байланысты Көкпекті АПБ қызметкерлерімен басқада мүдделі мемлекеттік органдармен, жұртшылық өкілдерімен бірлесіп мобилдік топтар құрылды.
Толығырақ...Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық Пробация қызметкерлері игілікті іс атқарды. Пробация қызметінің тіркеуінде тұрған 1-топтағы мүгедекке азық-түлік қоры көмекке берілді.
Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Владимир Лебедев Көкпекті ауданының тұрғыны. Тұрғылықты жері бойынша тексеруге барған кезде пробация қызметкерлері азық-түлік ала баруды ұмытқан жоқ. Қайырымдылық - са-уапты іс. Ал пробация қызметінде тіркеуде тұрғандарды тасада қалдырмай қолдау көрсету, сондай-ақ мүмкіндіктеріне сай ізгі істерге тарту – олардың қоғамға қажет екенін сезіндірудің көрінісі.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.