Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық Пробация қызметкерлері игілікті іс атқарды. Пробация қызметінің тіркеуінде тұрған 1-топтағы мүгедекке азық-түлік қоры көмекке берілді.
Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Владимир Лебедев Көкпекті ауданының тұрғыны. Тұрғылықты жері бойынша тексеруге барған кезде пробация қызметкерлері азық-түлік ала баруды ұмытқан жоқ. Қайырымдылық - са-уапты іс. Ал пробация қызметінде тіркеуде тұрғандарды тасада қалдырмай қолдау көрсету, сондай-ақ мүмкіндіктеріне сай ізгі істерге тарту – олардың қоғамға қажет екенін сезіндірудің көрінісі.


Пробация қызметінің мақсаты - шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі істі болған азаматтарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация қызметі осы бағытқа дәл келеді. Жалпы пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша байқаусызда сүрінгендер болса, оларды түрмеге қамамай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Оның негізгі бағыттары шартты сынақ мерзімге сотталған, бас бостандығын шектеу жазасына сотталған, түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, әкімшілік қадағалау белгіленген сотталғандарға білім алып, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуына ықпал жасап, ауырып қалса дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Көкпекті аудандық пробация қызметі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз