Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

26 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында аудандық тарихи-өлкетану мұражайында патриоттық іс-шара өтті.
1995 жылғы 30 тамыз күні республикамыздың жаңа тарихындағы ең маңызды оқиға – Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясының дүниеге келуімен ерекшеленді. Биыл Қазақстан оның 27 жылдығын атап өтуде. Бүгінде қазақстандықтар Конституция негізінде саяси-экономикалық тұрақтылық, азаматтық татулық, әлеуметтік, ұлттық бірлік пен келісімге қол жеткізілді деп толық сеніммен айта алады. Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ауданның Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Кездесу Мемлекеттік әнұранды орындаудан және мұражайға экскурсиядан бас-талды. Қор сақтаушысы Клара Рафикқызы қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы мен маңыздылығы туралы айтып берді.


Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі басты нормативтік актісі. Конституцияда қоғам өмірінің барлық саласына қажетті саяси-құқықтық тәртіп бар. Бүкіл құқықтық жүйенің өзегі бола отырып, ол әртүрлі құқық салаларының бастапқы нүктелері болып табылатын ең маңызды принциптерді заңды түрде бекітеді. Оның ең жоғарғы заңды күші бар, мемлекеттік органдардың барлық заңдары мен өзге де актілері оның негізінде және соған сәйкес шығарылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының елдің үдемелі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының негізі ретіндегі тарихи маңызын Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Конституциясы әлемдік озық тәжірибемен, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді бойына сіңіріп, халық бірлігінің және мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып табылады», - деп атап көрсетті. Оны халықтың «дауысы» деп атауға болады.
Кездесу соңында шара қонақтары арнайы дайындалған көрмені тамашалап, бейнеролик көрді. Тақырыптық өлеңдер оқылып, естелікке суретке түсті.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз