Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) - мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты мемлекеттік қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес тәртіптік жаза жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығына, оны жасаған адамның кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Мемлекеттік әкімшілік қызметші елеусіз теріс қылық жасаған жағдайда, егер жазбаша түсініктемеде ол осы теріс қылық жасау фактісімен келіссе, онда уәкілетті тұлғаның қызметтік тергеу жүргізбей-ақ ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға құқығы бар.
Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші өзінің жазбаша түсіндірмесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда уәкілетті тұлғаның бұйрығы бойынша Қағидаларда айқындалған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеу жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері не уәкілетті лауазымды адамдарға жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге кедергі болып табылмайды.
Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің оны жасау мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті айқындау мақсатында оның тәртіптік теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет болып табылады.
Қызметтік тергеп-тексеру уәкілетті адамның актісімен (бұйрығымен) тағайындалады және оны персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы акт шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау туралы акт (бұйрық) болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуге жол берілмейді.
Қызметтік тергеп-тексеру барысында персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не уәкілетті лауазымды адамдар теріс қылық жасау мән-жайларына және тергеп-тексерудің өзге де негіздеріне қатысты барлық материалдар мен мәліметтерді жан-жақты және толық жинайды және тиісті дәлелді қорытындысы бар материалдарды тәртіптік комиссияның қарауына ұсынады.
Тәртіптік комиссия уәкілетті тұлғаның актісімен қалыптастырылады және төрағадан, мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан құрылатын комиссия мүшелерінен тұрады. Төрағаны қоса алғанда, Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы тиіс және комиссия құрамы мемлекеттік органның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен тұруға тиіс.
Комиссия отырысында қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау, егер ол комиссия отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілсе және аталған материалдармен отырыс өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын танысса, оған қатысты тәртіптік жауаптылық қаралатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қатысуынсыз өтуі мүмкін.
Тәртіптік теріс қылық жасағанын растайтын фактілер болған жағдайда, Комиссия уәкілетті тұлғаға жаза қолданудың орындылығы мен жаза түрі туралы ұсынады.
Тәртіптік жаза уәкілетті тұлғаның бұйрықтарын, өкімдерін шығару арқылы қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы актіде жаза қолданылатын адам, жасағаны үшін жаза қолданылатын теріс қылық және жаза түрі көрсетіледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тәртіптік жаза қолдану туралы актіні (бұйрықты) тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына және танысу үшін мемлекеттік органның басшылығына жібереді.

Е.М. Айқымбеков,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының
орынбасары

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз