Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Табиғаттың әр мезгілі жан-жануарлар әлемінде өзінше орын алады. Әсіресе қарашаның соңы мен желтоқсан айларында жануарлардың көші-қонын (миграция) байқауға болады. 

Адамдар сияқты олар да бір тіршілік ету аймағынан екіншісіне ауысады. Көші-қон құстарда (құстардың ұшуы) және балықтарда жиі кездеседі. Көші-қон жануарлары аз зерттелген, өйткені олар жасырын өмір салтын ұстанады. Соның ішінде еліктер қыс басталысымен таудан қар аз түсетін шалғынды қырдың күнгей беттеріне қоныс аудара бастайды. Еліктердің қысқы көшуі қардың көптігіне және жайылымдық жерлерге байланысты. Еліктер бір жерде жиналуы немесе топтарға бөлініп, бірнеше жерде болуы мүмкін. Қыс айларында олар көбіне 5-10-нан топтасып жүреді. Елік - өте сақ жануар. Есту қабілеті өте жақсы дамыған, 800 м-ге дейінгі қашықтықтағы дыбыстарды бірден сезеді. Қазақ халқы адамның әдемісін «еліктің лағындай» десе, Еуропа ақсүйектері оларды ешқашан аң аулау нысаны ретінде қарастырған емес.

Толығырақ...

Қазіргі таңда патриотизмді қалыптастыру міндетінен маңызды міндет жоқ. Сондықтан, осы мәселе үшін алаңдайтын әр азаматқа Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеудің өзіндік идеологиясын ойластырған жөн. Адамдар патриотизмді түсінуге әртүрлі жолдармен келетінін ескеру қажет: біреу туған елінің табиғаты немесе өнері арқылы, екіншісі оның тарихы арқылы, үшіншісі діни сенім арқылы, ал біреу Отан алдындағы қызмет арқылы түсінеді. Патриотизмнің қазіргі заманғы тұжырымдамалары адамның сана-сезімін белгілі бір адамның туған жерінде, оның тәрбиесінде, балалық және жастық әсерлерінде, оның тұлға ретінде қалыптасуындағы қоршаған орта әсерінің көріністеріндегі эмоциялармен байланыстырады.

Толығырақ...

Ауданымызда газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамау нәтижесінде 2 өрт оқиғасы орын алған.
Мысалы: 2020 жылдың 3 сәуірінде Подгорное ауылында 62 жастағы егде әйел адам, тұрғын үй иесі, газ баллонын орнату кезінде редукторды дұрыс орнатылуын тексеріп алмай, ашық отты пайдаланған. Соның нәтижесінде тұрғын үйдің ішінде өрт шығып, тұрмыстық техника мен жиһаз бүлініп, тұрғын үй иелеріне үлкен материалдық шығын келген. Осындай жағдай 2020 жылдың 15 маусымында Самар ауылының маңындағы Добролюбовка учаскесіндегі тұрғын үйлердің бірінде де орын алып, бір адам күйік жарақатын алған. 2019 жылы газ құрылғыларын пайдалану кезінде 2 өрт оқиғасы орын алған.

Толығырақ...

Мемлекет басшысы бекіткен Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған. Гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
«Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде аудан әкімі С.Қ.Садуақасовтың Сарыбел ауылдық округіне барған жұмыс сапарында тұрғындар ауылдық округтің, ауылдың дамуына қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды. Бұл жағдайлардың барлығы газетте жарық көрген. Мән-жайды толық анықтау үшін Серікқазы Құсайынұлы аудандық қызмет мамандарынан арнайы комиссия жіберді, олар апта бойы өз құзыреті шегінде тексеріс жасап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз