Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Нашақорлық – бұл жалпыға ортақ мәселе, өйткені ол біздің қоғамның дамуымен байланыс-ты.
Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke - мелшию және manіa - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі түрлері: токсикомания, марихуана, героин, кокаин, экстази.
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп жағдайда білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруден бас-талады.
Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар келесідей: ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы, отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы, әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы, ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілмеуі, алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. Алайда, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Бірақ та олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет болмаса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту қажет. Мұндай әңгімелер іш пыстырмайтын болғаны абзал және де айтып қана қоймай, мысал да келтіру кажет. Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жас-тарда балаларға аса көңіл аудару керек, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұзады, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек.


Енді 16 – 18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен екі ойлылары бар. Бұл жастағы жасөспірімдермен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір ағымынан қалып қойған "ежелгі санауы", өздерінің ержеткен ересек азамат екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен сөйлескендей әңгімелесу кажет. Қорқыту, бос ойбай көмектеспейді, ал нашақорлық туралы тым аз білу, тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді. Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн. Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметтік мәселелер жиі естілуі тиіс.
Жасөспірімнің есірткіге әуестенгенін анықтау киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Жасөспірім айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ қаһар шашуды әдетке айналдырады. Осындай және тағы басқа да белгілерді байқасаңыз, сіз нашақорға кездескен болуыңыз әбден мүмкін. Мұндай жағдайда, ең бастысы саспай, салмақтылықты жоғалтпау керек.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін, сондықтан шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әрқайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бірде бір іс та-бысты аяқталмайды. Күш – жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы – есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып күресуіміз қажет.
Г.Омырзакова, Көкпекті аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз