Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бәлкім, әрбір адам тауарды айырбастауға немесе қайтаруға тап болған шығар, бірақ мұндай қайтарудың тәртібі қандай екенін бәрі түсіне бермейді. Сатып алушылардың өмірде чектерді алмауы немесе жоғалтып алу жағдайлары жиі кездеседі. Бірақ соған қарамастан, чек жоғалған жағдайда тауарды дүкенге қалай қайтаруға болатын бірнеше мүмкіндіктер бар.
Тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау мәселелері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі, ол өз кезегінде тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғауды ғана емес, сатушылардың (дайындаушылардың, орындаушылардың) міндеттерін де реттейді.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес сатушы тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге міндетті.


Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан сатып алу фактісін дәлелдесе, айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.
Сонымен бірге, тұтынушыда тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу фактісін растайтын құжаттың болмауы оны куәлардың айғақтарына және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алу фактісін растау болып табылатын фотоға немесе бейнежазбаға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-бейне түсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.
Чектер арқылы кәсіпкер алған пайданы есепке алу жүргізіледі және сәйкесінше кәсіпкерге осы сомадан қанша салық төлеу керектігі белгілі болады. Чекті берместен кәсіпкер салық төлемдерінен жалтарады. Егер дегенменде, чек берілмеген болса, Сіз салық органдарына өтініш беру арқылы жүгіне аласыз.
Тұтынушылар табанды болыңыз және тауарды сатып алу, жұмысты орындау, қызмет көрсету фактісін растайтын құжатты талап етіңіз.
Тұтынушылар өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне хабарласа алады (Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, телефон 8/7232/267207, эл.мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.).
Сондай-ақ, Сіздің назарыңызды кез-келген тұтынушы www.e-tutynushy.kz сайтқа компьютер немесе мобильді қосымшасы арқылы кіріп алатындығына және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өз өтінішін жібере алатынына аударғымыз келеді.
Өз құқықтарыңызды қорғаңыз және сауатты тұтынушы болыңыз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз