Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

03 Қараша 2021

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Қазан айының 19-23 аралығында Қарағанды қаласында «NOMAD MMA» бойынша Әлем чемпионаты болып өтті. Турнирге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Бангладеш және Қазақстан сынды 10 елден 612 спортшы қатысты.
Ел намысын қорғаған аудан спортшылары лайықты нәтиже көрсетіп, абыройымызды асырды. Татамиге шыққан 9 көкпектілік спортшыны тәжірибелі бапкер Жүнісов Руслан Нұрланұлы жаттықтырады. Көкпектілік спортшылар жарыстан түрлі жас және салмақ дәрежелері бойынша жүлделі оралды. Сәтті өнер көрсеткен Дария Ахмерова, Динияр Галиев, Ернұр Кайырлы, Эльдар Ермеков және Әлішер Алтынбеков күміс медальға қол жеткізді. Тағы бір жерлесіміз Дарья Кара қола жүлде олжалады. Сондай-ақ Мария Кара, Әкежан Төлегенов пен Қайрат Алтынбеков олжалы болмаса да жоғарғы деңгейде бақ сынап, тәжірибелерін толықтырды. Бұл жас жеткіншектердің үлкен жеңістері әлі алда.
Көкпектінің жас спортшыларын шыңдап жүрген жаттықтырушы Руслан Нұрланұлы жарысқа қатысуға қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз