Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

08 Қараша 2021

Чектерді сақтаңыз

Бәлкім, әрбір адам тауарды айырбастауға немесе қайтаруға тап болған шығар, бірақ мұндай қайтарудың тәртібі қандай екенін бәрі түсіне бермейді. Сатып алушылардың өмірде чектерді алмауы немесе жоғалтып алу жағдайлары жиі кездеседі. Бірақ соған қарамастан, чек жоғалған жағдайда тауарды дүкенге қалай қайтаруға болатын бірнеше мүмкіндіктер бар.
Тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау мәселелері «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі, ол өз кезегінде тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғауды ғана емес, сатушылардың (дайындаушылардың, орындаушылардың) міндеттерін де реттейді.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес сатушы тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге міндетті.

Read more

ӘЛЕУМЕТТІК САНАТТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

Кез келген мемлекеттің өркениетті тұрғыда дамуы үшін басты алғы шарт – жариялылық, ашықтық. Осы орайда «Көкпекті – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлмира Ордаханова білім беру мекемелерінде болып, әлеуметтік санаттағы оқушылардың қамсыздандыру барысымен танысты.

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қазан айына арналған жобалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Көкпекті - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г.Ордаханова әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамсыздандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Көкпекті ауданы бойынша білім беретін 37 мектеп бар. Білім беру ошақтары бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан 434 бала білім алады. Көпбалалы отбасынан 505 бала.
«Мектепке жол – 2021» республикалық қайырымдылық акциясы аясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеңсе тауарларымен 342, аяқ-киіммен 1161, киіммен 160, оқу формасымен 1141, азық-түлікпен 120 оқушы қамтылған.
Көкпекті ауданы бойынша инклюзивті оқытудағы балалардың жалпы саны 119. Инклюзивті оқытуда 25 бала компьютермен қамтамасыз етілсе, 25 бала интернет желісіне қосылған.
Мониторинг жүргізу барысында «Көкпекті – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г. Ордаханова Үлкенбөкен ауылындағы мектеп-балабақша кешенінде және Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде болды.
Әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамтамасыз ету жұмыстары толығымен жүргізілді.

«Көкпекті – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

Read more

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТ ҚҰРАМАСЫ «ДИДАР» КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

"Дидар" газетінің 90 жылдығына орай өткізілген БАҚ өкілдері арасында футбол жарысының жеңімпазы - Көкпекті аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің құрамасы.
Облыстық турнирге біздің жерлестерімізбен бірге Семей қаласы мен Тарбығатай ауданы құрамалары, "Шығыс Ақпарат" ЖШС, "Менің өлкем" газетінің, "ALTAI" телеарнасының, өңірдегі меншікті тілшілер және Өскемен қалалық әкімдігінің командалары қатысты.
Доп додасында бақ сынаған 8 құраманың ішінен 1 орынды жеңіп алған Көкпекті құрамасы жарыс барысындағы 5 ойынның барлығында қарсыластан басым түсті. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі 3 ойынды оңай ұтып, жартылай финалда Өскемен қалалық әкімдігінің құрамасымен ойын соңындағы пенальти сериясында ақтық сынға берілер жолдаманы жеңіп алды. Тарбығатай құрамасына қарсы өткізілген финалдық кездесу тартысқа толы болды. Ойын нәтижесінде 2-1 есебімен басым түскен Көкпекті аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің құрамасы Жеңімпаз кубогын иеленді.
Ұшқан доптың барлығына тосқауыл қойып, үздік ойынымен көрермендер көзайымына айналған Азамат Шакенов турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды. Сондай-ақ жеңімпаз құрама сапында Ерлік Жұмағазин, Бақытбек Әмірғазинов, Жұмағали Сыздықов, Әли Жаңғасинов және Дамир Айдаров алаңда тамаша ойын өрнегін көрсетті.
Айта кету керек, бұл аудандық газет құрамасының облыстық деңгейдегі алғашқы жетістігі емес. Осыған дейін 3 мәрте БАҚ өкілдері арасындағы облыстық турнирге қатысып, барлығында жеңімпаз атанып келген болатын. Аталмыш жарыстарға қатысып, аудан намысын қорғап жүрген құрамаға «Тайм» шаруа қожалығы тұрақты демеушілік көмек көрсетуде. Бірыңғай үлгідегі заманауи ойын формаларын тіктіріп, жарысқа қатысу шығындарына көмек қолын созып жүрген «Тайм» шаруа қожалығының басшысы, жомарт жүректі азамат Ринат Тұрарбекұлы Солтабаевқа айтар алғысымыз шексіз. Бұл жолғы жарысқа қатысуда аудандық спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев ерекше қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіреміз.

Аудан айнасының оқырмандарын қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз!

Read more

БАЛДЫРҒАН ТОБЫНДА ӨТКЕН АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІ

Аудандық барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Алтын күз» тақырыбында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Баршамызға белгілі, Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Бұл мезгілде халық несібесі, ел ырзығы ғана жиналып қоймайды, сондай-ақ оның осы кезеңде ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке баулу, табиғатты тану, Жер ананың қасиетін білу және басқа да игі істер негізінде тәрбиелеу ісінде орны айқындала түседі.
Мәселен, жыл сайын мол байлығын ұсынар күз маусымы келгенде мектептер, балабақшалар тақырыпқа сәйкес безендіріліп, осы бағыттағы түрлі танымдық-мерекелік шаралар тәрбиелік мәні зор құралға айналады. Аталған балабақшаның «Балдырған» тобының тәрбиешілері М.Бекішова мен М.Далабаеваның ұйымдастыруымен «Алтын күз» мерекесі өтті. «Алтын күз» шарасында жас бүлдіршіндерге мағлұматтар берілді. Шара кезінде балалар өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе соларға ұқсастырыла тігілген киімдер киіп, тақпақтар айтты, қойылымдар көрсетті. Бұл өз кезегінде жас өскіннің өз туған жерінің қасиетін ұғынуға, табиғатты сүюді үйренуге көмектеседі.

«Бөбек лүпілі» жеке меншік балабақшасының әкімшілігі

Read more

ТАРИХИ ОРЫНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «тарихи - өлкетану» мұражайына саяхатқа бару кестесіне сәйкес 15 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермек Нұрланның жетекшілігімен 8 - сынып оқушылары саяхатқа шықты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі ақын, өлкетанушы Қайрат Малғаждаровпен бірлесіп, маршрут бағыты бойынша бірінші кезекте таңбалы тастарға барды. Жергілікті өлкетанушы Қайрат Қапайұлы оқушыларды таңбалы тастардың тарихымен таныстырды. Балалар таңбалы тастар жайлы толық ақпарат алып, естелікке суретке түсті.
Маршруттың келесі бағыты Көкпекті ауылындағы «Ұлы дала елі» алаңында орналасқан Абылайхан және Бармақ Батыр ескерткіштері болды. Қайрат ағамыз қазақ батырларының өмірбаяны және ерліктерімен таныстырып өтті. Экскурссия бағытының соңғы бөлімі бойынша аудандық «тарихи - өлкетану» мұражайы болды. Мұражайға саяхат жасау кезінде оқушылар мәдени мекемедегі көне жәдігерлер, тарихи тұлғалар мен соғыс ардагерлеріне арналған бөлмелермен таныстырылды. Оқушылар өздеріне көптеген мағлұмат алып, жақсы әсерде қайтты. Өлкетану бағыты бойынша оқушыларға экскурссия барысында толық мәлімет беріп, тың ақпаратпен таныстырған өлкетанушы, журналист Қайрат Малғаждаров ағаға мектеп ұстаздары мен оқушылары алғыстарын білдіреді.

Абай атындағы
мектеп – балалақша кешені

Read more

САМАР ХАЛҚЫ АЙТЫСПЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Халық ауыз әдебиеті ішіндегі ең бір өміршең жанр – айтыс. Жексенбінің сәтті күні Самар шаһары жас ақындардың жырына кенелді. Мұхамед /с.а.у/ Пайғамбар дүниеге келген қасиетті «Мәуліт мерекесіне» орай Самар Мәдениет үйінде «Дін мен Дәстүр» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Бұл шараға мұрындық болған - Көкжыра ауылындағы «Қасымхан» мешітінің бас имамы Нұркен қажы, осы ауылдың тумасы, ұлттық құндылықтар қолдаушысы, бас демеушісі Досан Қасымхан.
Мерекелік кештің шымылдығын құттықтау сөзбен Нұркен қажы ашып берді. Аудан мешіттерінен келген имамдар сахнаға шығып, Пайғамбарға (с.а.у) арналған «Мәуліт жырын» оқыды. Тағылымы мол рухани кешке Самар және жақын ауылдардың тұрғындары, барлығы 100-ден аса адам куә болды.
Еліміздегі карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет шымылдығын түрген жыр аламанында 8 ақын бақ сынады. Көрші аудандардан келген азулы ақындармен қатар облыс орталығы Өскемен қаласының намысын арқалаған жас таланттар қатысты.

Read more

САМАР ХАЛҚЫ АЙТЫСПЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Халық ауыз әдебиеті ішіндегі ең бір өміршең жанр – айтыс. Жексенбінің сәтті күні Самар шаһары жас ақындардың жырына кенелді. Мұхамед /с.а.у/ Пайғамбар дүниеге келген қасиетті «Мәуліт мерекесіне» орай Самар Мәдениет үйінде «Дін мен Дәстүр» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Бұл шараға мұрындық болған - Көкжыра ауылындағы «Қасымхан» мешітінің бас имамы Нұркен қажы, осы ауылдың тумасы, ұлттық құндылықтар қолдаушысы, бас демеушісі Досан Қасымхан.
Мерекелік кештің шымылдығын құттықтау сөзбен Нұркен қажы ашып берді. Аудан мешіттерінен келген имамдар сахнаға шығып, Пайғамбарға (с.а.у) арналған «Мәуліт жырын» оқыды. Тағылымы мол рухани кешке Самар және жақын ауылдардың тұрғындары, барлығы 100-ден аса адам куә болды.
Еліміздегі карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет шымылдығын түрген жыр аламанында 8 ақын бақ сынады. Көрші аудандардан келген азулы ақындармен қатар облыс орталығы Өскемен қаласының намысын арқалаған жас таланттар қатысты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз