Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылы - ауданның ең ірі және халқы өте тығыз орналасқан ауылдарының бірі. 01.04.2020 жылы Самар ауылдық округіндегі тұрғындар саны 6726 адамды құраса, аула саны 2139 болды.

Округ облыстық маңызы бар жолдың бөлігінде орналасқан. Халықтың үлкен ағыны Өскемен қаласы мен Қазақстанның басқа қалаларынан және бағыт бойынша облыстың басқа аудандарынан келеді.


Қазақстан Республикасында Президент жариялаған төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабының шешімі негізінде облыстың барлық аудан орталықтарында төтенше жағдай аяқталғанға дейін шектеу шаралары енгізілді.
22 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап шектеу шаралары ресми күшіне енді. Қауіпті індеттің тара-луына жол бермеу мақсатында халық ең көп шоғырланған елді мекенде шектеу шараларын енгізу туралы аудандық жедел штаб шешімі қабылданған болатын. Аудан әкімі Асхат Смаиловтың тапсырмасы бойынша Құлынжон ауылына кіреберіс және Өскемен қаласына шығар жолдарға бекеттер қою жұмыстары жүргізілді. Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірге тәулік бойы қызмет ететін бақылау бекеттерінде шлагбаум мен бетон қоршаулар, түнгі жарықтандыру орнатылған.
- Бірінші кезекте шектеу шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. 6 мыңнан астам тұрғыны бар Самар ауылында шектеу енгізу елімізде жарияланған төтенше жағдай талабы. Барлық жерлестерді тәртіп сақтауға, үйде болуға және талаптарды орындауға шақырамын. Бұл бәріміздің денсаулығымыз үшін маңызды, - дейді Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаев.
Сондай-ақ, блок-посттардың қойылуы мен шектеу шараларының орындалу барысын аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов және Самар полиция бөлімінің басшысы, полиция мойоры Архат Томпаев қадағалады.
21 сәуірден бастап Самар ауылының тұрғындарына рұқсатнама қағаздары таратыла бастады. Еріктілерден жасақталған 20 топ 2 күнде 2163 отбасына рұқсат қағазын жеткізіп берді.
Ауылдық көшелерінде қозғалыс түнде шектеліп, сенбі және жексенбі күндері толығымен тоқтатылады. Тек қызметтік автомобильдер кедергілерсіз қозғала алады. Жұмыс істейтін адамдарға жеке рұқсаттар беріледі.
Тұрғындар үшін үй жануарларын ұстау ережелері да назардан тыс қалған жоқ. Жануарларды табынға таңғы сағат 5:00-ден 9:00-ге дейін жіберуге және оларды өрістен кешкі сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін күтуге болады.
65 жастан асқан зейнеткерлер назарына! Сіздерден үйден шықпауларыңызды өтінеміз! Қажет болған жағдайда азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу және басқа да қажеттіліктер үшін Call-орталығына телефон арқылы қоңырау шалуға болады: 31 - 906; 8 777 018 73 31. Сіздерге осы және басқа да әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін еріктілер жіберіледі.
22 сәуірде барлық сұрақтарға жауап беру үшін арнайы Call-орталығы ашылды. Call-орталық нөмірлері: 31 906; 8 777 018 73 31.
Шектеу шаралары енгізілген елді мекендегі барлық қарым-қатынас ережелері аудандық газеттің арнайы шығарылымында толық нұсқасы жарияланған бас санитарлық дәрігердің Қаулысында қамтылған.
Құрметті жерлестер! Шектеу шараларын енгізу, бірінші кезекте, сіздің денсаулығыңызды қорғауға және осы ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан біз сізді тәртіпке бағынуға, қабылданған қауіпсіздік ережелерін ескеруге және тыныштықты сақтауға шақырамыз. #Біз біргеміз#

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз