Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Өскемен – Самар» маршруттық автобус қатынасы неге тоқтап тұр? Жолаушылар тасымалдау маршруты қашан іске қосылады? Осы және басқа да маңызды сұрақтар аудандық әкімшілікте өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Аудан әкімі Асхат Смаилов төрағалық еткен кеңестің күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауапты қызмет басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы бөлім басшысы Қайрат Жылқышев ақпарат берді. Баяндамашының сөзіне сүйенсек «Өскемен – Самар» маршруты рентабелді болмаған соң қызметін тоқтатқан екен. Бөлім басшысының бұл уәжін аудан әкімі қатаң сынға алды. – Көлік іздеген халық неге жолда тұр? Біз кім үшін жұмыс істейміз? Сендер болса рентабелді емес дейсіңдер. Сылтау іздегенді қою керек. Халық сұрап отырса тасымалдаушы мойнына алған міндеттемесін толық атқарсын, - деп қатаң талап қойды.


Аудан орталығындағы қатты қалдықтарды шығару қызметіне қатысты да осындай шаралар атқару қажет. Аудан басшысы қоқыс шығару қызметін көрсетемін деген жеке кәсіпкерлерді тартуды тапсырды.
«Жазғы жайылым жерлерді суландыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серікбек Қоңыспаевтың ақпараты тыңдалды.
- 2019 жылы Көкпекті ауданында жазғы жайылымдық жерлерді суландыру бағдарламасы аясында 13 шаруашылықта 19 құдық қазылып, 15 күн сәулелі панельдер орнатылды. Бұрыннан қазылып тұрған 62 құдық бар. Былтырғы жылы бағдарлама игілігін Биғаш, Көкжайық, Тассай ауылдық округінің шаруа қожалықтары ғана пайдаланды. Басқа округтердің бірінде де құдық қазу қолға алынбаған, - деді бөлім басшысы. Сондай-ақ биылғы жылы құдық қаздыруға 81 шаруа қожалығынан 102 өтініш түскен екен. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі А.Смаилов жауапты орынбасары мен бөлім басшысына әлеуеті жоғары компанияларды тарта отырып, мүмкіндігінше барлық ауылдарды қамтуды жүктеді.
Кеңес соңында бірқатар өзекті мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз