Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы орган жетекшілеріне әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар мен азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өспеуін және тапшылығы болмауын ұдайы назарда ұстауы қажеттігін міндеттеді. Президенттің осы тапсырмасын орындау және Көкпекті ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды асыруға жол бермеу және бағалардың өсуін тежеу бойынша жедел штаб құрылды. Бүгінде аудан әкімі Асхат Смаиловтың тікелей бақылауымен сауда нысандарында баға мониторингі тұрақты түрде жүргізілуде.

Құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Раушан Кемербаева, депутаттар Гүлнар Қасымжомартқызы мен Қажет Жүнісбекұлы, учаскелік полиция инспекторы Жасұлан Разаев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мерей Смағұлов, бас санитарлық дәрігер Гүлмира Абдрасулова бар жедел штаб мүшелері аудан орталығы, Самар және де барлық ауылдардағы сауда нысандардағы бағаны бақылау жұмыстарына қызу кірісіп кетті.


Шектеу шаралары енгізілгеніне қарамастан талапты орындамай отырған сауда нысандары жауапқа тартылды. Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мерей Смағұловтың ақпараты бойынша 2 сәуір күні жедел штаб мүшелері аудан орталығында 16 дүкенде болып, 1 кәсіпкерге қатысты төтенше жағдай талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Самар ауылында рұқсат етілмеген 19 дүкен шектеу шараларына қарамастан жұмысын жалғастырып отырғаны анықталып, олардың жұмысы тоқтатылды. Оның ішінде 2 базар бар.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Раушан Кемербаева аудан орталығында әрбір сауда нысанында жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Мониторинг барысында барлығы 35 азық-түлік дүкені қамтылып, оның ішінде 7 сауда нысанында талаптар сақталмаған. Кәсіпкерлер тарапынан сатушының маскасыз қызмет көрсетуі, антисептиктің болмауы сынды ереже сақтамау жағдайлары жиі тіркелген.
Айта кетейік, осыған дейін аудан бойынша төтенше жағдай режимін бұзған 6 кәсіпкерге қатысты сот шешемі шығып, әкімшілік жазаға тартылған болатын. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз