Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 3 наурызында Самар ауылдық округінде өткен Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында аудан әкімі А.С.Смаиловтың және Көкпекті ауданының құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен абаттандыру, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, үй жануарларын, иттерді, мысықтарды ұстау және тағы басқа өзекті мәселелер талқыланды.

Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Е.К.Дюсупов толық баяндап шықты.
- Соңғы жылдары біз елді мекендерді, көшелерді, аулаларды абаттандыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізудеміз. Кез келген бастаған істе тәртіп ережелерін сақтау керек, сол бойынша абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Ауылдық жерлерде иттерді ұстау ісінде тәртіп орнату қажет, - деп атап өтті Ержан Қабдуғалиұлы. Одан әрі ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік-құқықтық бұзушылықтар туралы Кодексінің кейбір баптарымен таныстырды. Кодекстің негізгі міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қорғау болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін осы Кодекс әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен қағидаттарын, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалардың түрлерін және әкімшілік-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын белгілейді. Осы құқықтық актіде мал жаю, егістікті тартып алу, егістікті бұзғаны, белгіленбеген орындарда сауда жасау, түнгі уақытта жасөспірімдердің болуы, т. б. тіркеусіз тұру ережелері орын алған.


Жергілікті қоғамдастық басшысы құқық қорғау органдарының өкілдерін халық арасында құқық бұзушылықтың алдын алу ісінде өз өкілеттіктерін толық көлемде пайдалануға, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға неғұрлым бейім адамдар құрамымен әңгімелесулер, кездесулер өткізуге, өз қызметінің ашықтығын жергілікті баспасөзде жариялауға шақырды. Жергілікті полиция қызметіне абаттандыру және санитарлық тазалау кезінде көмек көрсету, мектепте, қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді насихаттау, тұрғындардың оларды білуі және бұзбауы үшін.
Кездесу барысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы пікір алмасып, учаскелік полиция қызметкерлерінің өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы тікелей міндеттері, азаматтарды қабылдау үшін кабинет бөлу, техникамен жабдықтау мәселелері талқыланды. Полиция қызметкерлеріне қатысты барлық сұрақтарға Көкпекті аудандық полиция бөлімінің басшысы Жанболат Асқар толық жауап берді.
Кездесуді қорытындылай келе, аудан әкімі екі тараптың назарын халықтың көңіл-күйін жақсартуға, ауылдарды абаттандыруға, құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеуге бағытталған бірлескен ұйымдасқан іс-әрекеттерге аударды. Ол үшін тәртіп бұзғаны үшін азаматтардың әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған ережелерді әзірлеу және оларды аудандық мәслихаттың шешімімен бекіту қажет. Оларды азаматтардың назарына жеткізу – жергілікті атқарушы биліктің, құқық қорғау органдары өкілдерінің, ауыл белсенділерінің міндеті.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз