Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Полиция қызметкері – қоғамдық тәртіптің басты сақшысы. Сол сала маманы болуы үшін – ең алдымен физикалық тұрғыдан мықты, жүйкесі берік, шапшаң әрекет ете алатын, барынша адал әрі психолог болуы тиіс. Қойылатын талаптардың да үдесінен шығу оңай болмасы анық. 

Осындай қажыр-қайратты қажет ететін мамандыққа өмірін арнап жүрген жанның бірі – Жасұлан Болатбекұлы Разаев. Ол 1988 жылы наурыздың 7 жұлдызында Семей қаласында дүниеге келген. Жасұланнның туған жері Семей қаласы болғанмен, балалық шағы өскен ортасы Шұғылбай ауылы. Жасұлан Болатбектей әкенің тәрбиесін және Кайрниса ананың аяулы алақанында өсіп жетілді. Отбасында 3 баланың кенжесі. Ауылдағы І.Жансүгіров атындағы орта мектепті 2005 жылы тәмамдаған соң, 2005-2007 жылдары Семей қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің «Семей Заң» колледжін аяқтайды. Жасұлан алғашқы еңбек жолын Тарбағатай ауданы Ішкі істер бөлімінде бастайды. Алғашқы еңбек жолында жұмысқа үйреткен аға-апайлары Гүлназ Жеңісқайырқызы мен Қайрат Тергемісовты Жасұлан мақтанышпен еске алады. Ол жақта 2007-2011 жылдар аралығында еңбек етіп, 2011 жылдың қазан айында Көкпекті ауданына ауысып келеді. Қазір Көкпекті ауылының жергілікті полиция қызметі бөлімінде учаскелік полиция инспекторы, полиция мойоры. Отбасында Балжан есімді қыздың сүйікті жары, Арайлым, Ерасыл, Нұрасыл есімді балаларының ардақты әкесі.


Басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Ол 15 жылғы толассыз еңбегі мен нәтижелі жұмысының арқасында аудан әкімдігі мен салалық басшылықтың көптеген алғыс хатымен марапатталған. Атап айтсақ 2009 жылы ШҚО Ішкі Істер Департаментінің басшысы полиция генерал-майоры А.Жалмұханбетовтан "Алғыс хат", Қазақстан Республикасы конституцияның 20 жылдық мерейтойында және 2018 жылы аудан әкімі Асхат Смаиловтан алған марапаттары бар.
- Кез келген жұмыстың қиыншылығы болады. Өзім қалап келгеннен кейін, аса бір қиыншылығын көрдім деп айта алмаймын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Жергілікті полиция бөлімінде Көкпекті ауылы менің бақылауымда. Атқаратын қызметіміз – халықтың құқығын қорғау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылық және заңбұзушылық әрекеттерді құрықтап, оларды ашу, - дейді Жасұлан Болатбекұлы.
Жас та болса бас болып, соңынан ерген көмекшілерін бір ауыздан темірдей тәртіпке үйретіп жүрген сақшы өз ісіне адал. Оның алдағы мақсаты – полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мен ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет ету. Айтпақшы, Жасұлан бөлімдегі түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Бұл да үздік сақшының бір қыры.
Полиция қызметкері болу оңай емес. Ол үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, адамдармен араласа білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Осындай толып жатқан талаптардың үдесінен шығу оңай болмаса керек. Дүниедегі ең оңай нәрсе – кінә арту, айыптау, сынау. Ал бір сәт өзімізді сол полиция қызметкерлерінің орнына қойып көрсек, олардың да «ойнап жүрмегенін» түсінген болар едік. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек қана полицияның міндеті емес, ол – біздердің әрқайсымыздың міндетіміз. Тәртіпті әркім өзінен бастауы тиіс.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз