Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өлкеміздің басты байлықтарының біріне саналатын балықтың уылдырық шашатын уақытына орай облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерінде сәурдің 16-нан мамырдың 30 аралығында балық аулауға қатаң тыйым салынады.
Осы тыйым салу уақытында Көкпекті инспекция бөлімінің мемлекеттік инспекторлары уақытпен санаспай, ауа райының қолайсыздығына қарамай, балықтың уылдырық шашуына барлық жағдай жасап, күндіз-түні еңбек етеді. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, Тарбағатай және Көкпекті ІІБ бірлесіп, жұмыс жоспары жасалып, бекітіліп, рейдтер өткізіледі.


Айлық тыйымда шұғыл рейд кезінде, Көкпекті ІІБ бірлесіп қылмыстық іс ашылды. Көкпекті ауданының тұрғыны табиғат байлығынан пайда көргісі келді. Зайсан көлінің Солтүстік батысы Еркінбек телімінде жыл бойы тыйым салынған 261,1 кг балық ұстаған. Қылмыстық іс Көкпекті аудандық сотына жолданды, табиғатқа келтірген зияны 290 134,32 теңгені құрады.
Осы айлық кезінде балық инспекция бөлімінің инспекторлары ғана емес, зиялы азаматтар да атсалысса екен дейміз. Тоқ етерін айтқанда, тыйым айлығының тиянақты өтуіне жете мән беріп, табиғат байлығын бірге қорғайық.


А. Байтанбалиев,
Көкпекті инспекция бөлімінің
мемлекеттік инспекторы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз