Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жақында Мамай ауылында соғыс ардагері Садабай Отаровты еске алуға арналған волейболдан аудандық жарыс өткізілді.

Ардагердің ұрпақтары демеушілік жасаған тартысты ойынға аудан аумағынан сегіз команда қатысып, шиеленісті кездесулерден кейін командалар жүлделі орындарды былайша бөлісті.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Көкпекті ауылына «Қазақстан барыстары» ат басын тіреді. Оларды спорт мектебінің директоры Ержан Кәрібаев және оқу ісінің меңгерушісі Қарлығаш Жабекова, жаттықтырушылар мен жасөспірімдер қошеметпен қарсы алды. Қазақтың нар тұлғалы палуандары Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында өтетін Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінің халықаралық турниріне бара жатыр. Аталған бәсеке биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Еліміздің көк байрағын боз кілемде желбіреткен палуандар «Қазақстан барысы - 2012» Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан барысы - 2014»-Руслан Әбдіразақов және «Еуразия барысы» халықаралық турниріне қатысқан палуан Мақсат Мәзібаевты Көкпекті спорт мектебінің оқушылары да қуанышпен қарсы алды. .

Оқушылар алдыңғы буын ағаларымен пікір бөлісіп, олардың ақыл – кеңестерін тыңдады. Жастар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды, жолдарына сәттілік тіледі.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

 

 

Шұғылбай ауылының тумасы Әділхан Құдабаев әскер қатарына соғыс басталған 1941 жылы шақырылып еді. Жаяу әскер қатарында Орел, Брянск қалаларын азат етуге қатысты. «Әкем 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Біз ол кезде кішкентай баламыз. Әкемді бір медбике әкеліп тастады. Сөйтсек, ол кісі қатты контузия алып, екі көзден айырылыпты», - деп еске алады, өзі де тыл ардагері, қызы Ғалия.

 Кеудесі орден, медальға толы, айналасын тек дыбысынан ғана ажырататын, бірінші топтағы соғыс мүгедегі Әділхан атаны ауыл тұрғындары қатты сыйлайтын. Оқушылармен кездесуге шақырғанда ол кісі сол сұрапыл жылдар туралы айта отырып, балаларға Отанды сүйіңдер, жарық дүниені қадірлеңдер деп отырушы еді. «Әкеме Үлгілімалшы ауылында 1980 жылы үй салып берді. Шаруашылық шөп, отынды тегін түсіретін», - дейді Ғалия әже. Жасы сексеннен асқан Ғалия әже сол кезде көрген қиыншылықтарын еске ала отырып, бүгінгі күніне тәубе дейді.

Толығырақ...

Көкпекті ауылында соғыс ардагері, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Қаһармандығы үшін» медальдары және «Ұлы Отан соғысы» орденінің иегері Сағидолла Ағзамовты еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі турнир өтті.

Бұл шара Көкпекті жерінде осымен 29-шы рет өткізіліп отыр. Аталған турнирге ағымдағы жылы 14 команда қатысып, жарыс барысында үздік ойын көрсеткен Белое, Миролюбовка, Қарағандыкөл, Самар №2 БЖСМ командалары жартылай финалға шықты.

Турнир қорытындысы бойынша, Қарағандыкөлден келген волейболшылар 1-орын иегері атанып, 200 мың теңгенің, Белое ауылдық округі 2-орынды иеленіп, 150 мың теңгенің, ал самарлықтар 3-орынды қанағат тұтып, 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. 4-орын Миролюбовкадан келген командаға бұйырып, белсенділік танытқан командаларға арнайы дипломдар табысталды.

Турнир барысында белсенділік танытқан спортшылар да назардан тыс қалған жоқ. Белое ауылының байланыстырушысы Арман Зайнулдинов, самарлық шабуылшы Иван Крюков және миролюбовкалық қорғаушы Бақытжан Туленовтер үздік ойыншы атанып, қаржылай сыйлыққа ие болды.

Жанерке АБЫЛХАН

 

 

 

Толағай төріне татами төселіп, таэквон-до шеберлері облыс чемпионатының жүлделерін сарапқа салды. Дәстүрге айналып үлгерген жарысқа аймақтың 9 құрамасы қатысты. Семей, Өскемен, Курчатов қалалары мен Абай, Бесқарағай аудандарынан келген спортшылар Шығыс Қазақстан облысының чемпионы атану үшін 40 медаль кешенін сарапқа салды.

Таэквон-до ITF бойынша өткен жарыстың бас төрешісі – Шығыс Қазақстан облыстық таэквон-до ITF федерациясының президенті Махаббат Советхан. Қызықты да тартысты өткен доданың қорытындысы бойынша Бақыт Рахимов жаттықтыратын көкпектілік таэквон-дошылар командалық есепте суырылып алға шықты. Үздік құраманың сапындағы әрбір спортшыға оңай тимегені анық. Туған топырағында татамиге шығып, ата-анасы мен достарының алдында шеберлігін көрсету жауапкершілігі басым екені анық. Ол туралы білікті жаттықтырушы да өз пікірін білдірді.

- Бүгін менің шәкірттеріме оңай болған жоқ. Өз ауданында жарысқа қатысу жауапкершілік жүгін арттырады. Алайда, үмітіміз ақталды. Сенім артқан шәкірттерім жеңістің биік тұғырынан көрінді. Осындай спорттық шаралар арқылы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсаты орындалды деп есептеймін. Алдымызда келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, шәкірттерімізбен қол жеткізген барлық жетістіктерімізді қадірменді ардагерлерге арнаймыз! – дейді Бақыт Ғазизұлы.

Дархан БЕРДІБЕК

 

 

 

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз